Атырау, 16 желтоқсан 21:59
Түнде ашық-5, таңертең -4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 334.92  € 395.88  P 5.71

Сағадиев қызды педофилден аман алып қалған оқушыға хат жазды

21 сәуір 10:48

Фото: Фото: kursiv.kz
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысындағы оқушыға алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағадиев 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған 11 сынып оқушысына алғыс білдірді. Бүгін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қонаев атындағы мектептің оқушысы Тимурбек Жамаладдиновке министр атынан алғыс хатын табыс етеді.  Министрлік өкілдері оқушының батылдығын атап өткен. 

"Құрметті Тимурбек Тахиругли! Саған адам өмірін сақтап қалған батыл әрекетің үшін алғыс білдіремін. Сенің көрсеткен ерлігің өскелең ұрпаққа үлгі боларына сенімдімін. Алдағы үлкен өміріңе сәттілік пен үміттеріңнің ақталуын тілеймін. Алда еліміздің жарқын болашағына үлес қосатындардың қатарынан болатыныңа сенемін", - делінген хатта. 

Еске салайық, 14 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладинов 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған болатын.  32 жастағы күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Дәрігерлер қыздың бас миының шайқалғанын, бас сүйек миының жабық жарақаты мен көз қарашығының жарақатын тіркеген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

746 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Тоғызыншы қабаттан секірмек болған қызды құтқарған жігіттер оқиғаның мән-жайын айтты   407 рет қаралды

Павлодарда балабақша жұмысшысы 5 жасар қызды азғырды деген күдікпен қамалды  427 рет қаралды

Балаларымызды өткен шаққа дайындап жатқан жоқпыз - Сағадиев жаңа оқулықтарға айтылған сын жайлы   469 рет қаралды

Жамбыл облысында мәслихат депутаты өз үйінде асылып қалған  478 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5