Атырау, 29 наурыз 03:53
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Барселона" Чемпиондар лигасынан шығып қалды

2 301 просмотра


Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан барлық командалар белгілі болды. "Барселона" мен Дортмундтың "Боруссиясы" жарысты ширек финалда аяқтады.

"Барселона" (Испания) – "Ювентус" (Италия) 0:0

Қос команда арасындағы бірінші ойында туриндік клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта ойында командалар 0:0 есебімен тең ойнады. Луис Энрике жаттықтыратын каталондық клуб камбэк жасай алмады.

"Монако" (Франция) – "Боруссия д" (Германия) 3:1

"Монако" Дортмундтың "Боруссиясын" екі ойында да ұтты. Бірінші 3:2 есебімен басым түссе, қарымта ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. "Луи ІІ" стадионында өткен ойында алаң иелері сапынан Килиан Мбаппе, Радамель Фалькао мен Валер Жермен гол соқты. Ал дортмундтың клубтың бір голын Марко Ройс өз еншісіне жазды.

"Монако" 2004 жылдан бері Чемпиондар лигасының жартылай финалына алғаш рет шығып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалына Мадридтің "Реалы" мен "Атлетикосы" шыққан болатын. 1/2 финалдың жеребесі ертең тартылады.

Дереккөз: Vesti.kz




20 сәуір 2017, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.