Атырау, 25 сәуір 15:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ынтымақ құпиялары

9 810 просмотра


Жақында әлеуметтік желілерде атыраулық қолданушылар Индер ауданы Ынтымақ ауылында белгісіз біреулер арнайы құрылғылармен жер қазып, әлдене іздеп жүргені туралы жазған болатын.

Есбол ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Жаңылсын СҰЛТАНҒАЛИЕВА мен учаскелік инспектор Артур ҚАРАҒОЙШИЕВ кім не үшін қазып жатқанын айта алмады.

Бұл туралы жергілікті халықтан сұрап білдік. 

Шұңқырлардың ішінде ерекше ештеңе байқалмайды, бірақ, ауыл тұрғындары бұрын осы жерлерде үйлер болған дейді. Және бұл маңда талай соғыс болған екен. 2007 жылдың 27 маусымында Гребенщик елді мекені Ынтымақ ауылы болып өзгертілді. Жайық өзенінің оң қапталында орналасқан ауылдың тарихы туралы ресми дерек іздеп едік, таппадық. Көмекке  ауыл адамдары келді. 

- XVIII ғасырда Гребенщиково деген көпес осы жерде тұрған. Ауылдың өзінде тек орыстар тұрған, - деп әңгімелейді Есбол ауылының округінің бұрынғы әкімі Өтеғұл ЖАЛҒАСБАЕВ (суретте). – Қазақтар аз болды, оларды жақындатпады. Ресей патшалығының саясаты осындай болды. Осы ауылдан бес, алты шақырым жерде «Маринка» деген жер бар. Бұл жерді орыстың Мария деген қыздың атымен атаған деседі. Орыстар Жайық өзенінің байлығы - балығын Ресейге жіберіп отырған. 1734 жылы Ресей патшайымы Анна Иоановна қазақтарға Жайық өзенінен өтуге қатаң тыйым салу туралы жарлық шығарады. Бірақ, қазақтар бұған көнбей, күреседі.  

- Ауыл адамдарының айтуынша, патрон оқтары күні кешеге дейін табылып отырған. Ал ауылдың сырт жағында адамдардың мәйіті табылған екен...  

- XX ғасырдың басында ақ гвардияшы Киселев пен Чапаевтың арасындағы соғыс осы Ынтымақ ауылына дейін өрістегенін білемін. Екі жақтан да адам шығыны көп болған болуы керек. Мұнда көп адамдардың сүйегі жерленген.  

Ауыл адамдарының айтуынша, бұл жерлдерде қолында картасы бар адамдарды жиі кезтестіруге болады, бірақ, олар жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінбейді әрі не үшін келіп, не істеп жүргендерін айтпайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті түсірген автор

20 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.