Атырау, 29 наурыз 14:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

3 430 просмотра


Су полициясының қызметкерлері «Бекіре-2017» операциясының барысында Нұрсая ықшамауданынан «Хундай Туксон» көлігін тоқтатып, одан үш бекіре балығын тапты. Әйел жүргізушінің үйінен жаңа ауланған бекіре балықтары мен салмағы 1,9 келі болатын қара уылдырық табылды. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы жарты центнердей құрады. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 18 жастағы қыз шағымданды: наурыз айында әлдебір ер адам оның сеніміне кіріп алып, косметика партиясын әкелуге уәде беріп, 356 мың теңгесін алып, ғайып болған. Күдікті – 19 жастағы Исатай тұрғыны анықталып, іздеу жарияланды.

***

Полицияға 39 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны шағымданды: өткен жылдың 1 шілдесінде Атыраудың 48 жастағы тұрғыны электронды «Форекс» саудасынан едәуір сома тауып беремін деп уәде беріп, одан 1,7 млн теңгесін алып, ғайып болған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Бірлік-2 поселкесінің тұрғыны полицияға 17 сәуірде шамамен сағат 15-те белгісіз біреудің терезені итеріп ашып, үйіне кіріп, зергерлік бұйымдары мен 15 мың теңгесін ұрлап кеткенін хабарлады. Күдікті – зардап шегушінің 36 жастағы ауылдасы анықталып, іздеу жарияланды.

***

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» операциясының барысында 16-шы калибрлі қосауыз мылтықты заңсыз сақтаған Балқұдық ауылының 58 жастағы тұрғынын ұстады.

***

Сәуірдің 18-іне қараған түні ҚІІБ-не Нұрсаяның 34 жастағы тұрғынынан полицияға шағым түсті. Оған көшеде белгісіз екеу шабуыл жасап, ақша салынған әмиянын тартып алған. Жол-патруль қызметінің қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстап, одан заттай айғақ алынды. Бұл сол ықшамауданның 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

20 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.