Атырау, 29 наурыз 00:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Назарбаев қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтты

Бейнежазба
3 192 просмотра


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан президенті жастардың діни сауатының төмен болып отырғанына назар салды. 

"Білімінің аздығынан жастарымыз балағын кесіп, сақал қойып жатыр. Толықтай тұмшаланып алатын қазақ қыздарының қатары көбейіп барады. Бұл біздің дәстүрге сай келмейді. Бұған заңнамалық тұрғыда тыйым салу мәселесін қарастыру керек. Қазақтар қайғылы жағдайда ғана қара жамылған", - дейді Елбасы.  

Қазақстан президенті қазақ мәдениеті мен дәстүрінде қазақ әйелдері қалай киінгені туралы сөз етіп, қара киім мен дін арасында байланыс жоғын айтты.


Дереккөз: Tengrinews.kz


19 сәуір 2017, 19:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.