Атырау, 22 тамыз 23:49
Таңертең ашық+32, күндіз +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.58  € 390.38  P 5.63

​Ақсақалдар бата беруден жарысты  

19 сәуір 15:41

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер» атты І қалалық байқау өтті.

Байқау ашық болғандықтан оған Атырау қаласынан және аудандардан келген 18 ақсақал қатысты. Шарты бойынша, алдымен қатысушылар тарихта есімдері сақталған тұлғалардың баталарын, айта кетейік, Досбол шешеннің, Малайсарының, Бауыржан Момышұлының, Қаракерей Соқыр Абыздың, Төле бидің, т.б. берген баталарын нақышына келтіре оқыды.

Екінші бөлімде ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты баталар берілді: бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, жас жұбайларға бата, жаңа қонысқа берілетін баталар, т.б.



Үшінші тапсырма бойынша, ақсақалдар билет суырып, берілген тақырыпқа қатысты өзі білетін немесе сол бойда өз ойынан шығарған батаны оқуы керек болды.  


Ақмырза БАТЫРҚАЙЫРОВ.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі ІІІ орынды Атырау қаласының тұрғыны Малдыбай НИҒМЕТОВ ақсақал мен Ақсай ауылынан келген Саясат РАХМЕТОВ алды. ІІ орын Дамбы ауылының ақсақалы Тілекқабыл МҰРАТОЛЛАҒА бұйырды. Жүлделі І орынды Исатай ауданынан келген Уахит АДИЛОВ жеңіп алса, бас жүлде даусының мақамымен, сахнада өзін-өзі ұстауымен ерекшеленген, айтар сөзін нығарлап жеткізген, еш қобалжымаған Атырау қаласының ақсақалы Ақмырза БАТЫРҚАЙЫРОВ жеңіп алды.

Байқауды тамашалауға келген көрермен де 18 ақсақалдың аузынан шыққан жақсы тілектерді бойларына сіңіріп, жақсы энергияны қабылдағаны анық.



Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1642 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырауда ҚІІБ полицейлерінің ісі бойынша сот процесі басталды  1366 рет қаралды

Балабақшадағы жемқорлық  1172 рет қаралды

Дәрігерлерге қатысты сот болып жатыр  2491 рет қаралды

Ақшаға құныққан алаяқ  1467 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4