Атырау, 25 сәуір 01:13
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Мамандар су тасқынының түрлі себептерін айтады", "Расул Жұмалы: Қазақ тілін білмей, пікір білдіру орынсыз", "Латын әріпі ұлттық сананың ояну тетігі", "«Ердоған діни риторикамен көп қолдау тапты»", "Дүние дидарындағы Димаш"

2 134 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мамандар су тасқынының түрлі себептерін айтады" - Қазақстанның бірқатар аймақтарында көктемгі қар суы жайылып, тасқын ондаған елді мекенді алып кетті, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Кейінгі бірнеше жылда қайталанып жатқан табиғат құбылысының себебін Азаттық тілшісі сарапшылардан сұрап көрген еді.

"«Ердоған діни риторикамен көп қолдау тапты»" - Президент Тайып Ердоған билігін нығайтуға қол жеткізген референдум нәтижесі туралы Азаттық Стамбулда докторантурада оқитын қазақстандық маманмен сұхбаттасты.

"Жиілеген тасқынның бір себебі" - "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Азаттыққа берген сұхбатында соңғы жылдары Қазақстанда жиілеп кеткен су тасқынының себептері туралы айтты. 

365INFO.KZ. "«Әке, кетейікші бұл жерден…». Баспанасыз босқындар елінде болдыңыз ба?" - Алматы қаласы мен қала маңында шоғарланған ірілі-ұсақты базарлардың маңындағы барақтарда тұрып жатқан баспанасыз жандардың жадау тірлігін көрсеңіз, көңіліңіз құлазиды. Әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына енгісі бар Қазақстанда бай мен кедейдің арасы қаншалықты алшақтап кеткенін аңдайсың осындайда.

QAZAQTIMES.COM"Ж. Аймағанов: Президент латын жазуына көшуді бұйрық ретінде іске асырмақшы" - Президент Н.Назарбаев латын жазуына өту туралы мәселе қозғаған соң, қоғамда түрлі пікір көбейді. Қолдаушылар өте көп. Әсіресе, бұл мәселеге сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ат салысып, тікелей жұмыс атқарған адамдар қатты қуанулы. Солардың бірі,  «АВСnet әліппесін» дайындаған лингвист ЖанатАймағанов. Ол кісімен қазіргі өзекті тақырып бойынша әңгімелескен едік.

"Балташ Тұрсымбаев: Жемқорлардың аз бөлігі ғана ұсталып жатыр" - БалташТұрсымбаев танымал саясаткер, қоғам қайраткері. Ол кісі облыс әкімі, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ауылшаруашылығы министрі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған. Зейнетте болғанына қарамастан, қоғам өміріне белсенді араласып келеді.

JASQAZAQ.KZ. "Расул Жұмалы: Қазақ тілін білмей, пікір білдіру орынсыз" - Латын әліпбиіне көшу, қоғамда көпшіліктің қолдауын тапты. Тіптен бұл бастаманы қоғам қайраткерлерімен саясаттанушылар да қолдайды.  Әлеуметтік желіде де пікірлер жетіп артылады. Осыған байланысты jasqazaq.kz сайты белгілі саясаттанушы Расул Жұмалының пікірін білдік. 

ABAI.KZ. "Латын әріпі ұлттық сананың ояну тетігі" - Әуелі латын әліпбиі туралы түсінік беріп өтейік. Қайдан шықты? Тарихқа үңілсек б.з.б. VII ғасырда  (Орхон жазуы пайда болмай тұрып) Рим империясы тұсында 20 әріптен құралған грек-этрус (қазіргі Италия жерінде өмір сүрген халық)  дыбыстарын белгілейтін таңбалар пайда болып,  заманымыздың I  ғасырында (Иса пайғамбар заманында) қолданыла бастады. Эвалюция талабына сай түрлі халыққа таралуына байланысты орта ғасырларда (VIII-XV ғасыр) әріптер саны толықтырылып, қайта өркендеу дәуірінде (XIV-XVII) бүгінгі 25 (26)  қаріптен тұратын латын әліпбиі толық қалыптасып бітті. Әрі қарай IX ғасыр кирил әріпінің алғашқы пайда бола бастаған кезеңі,  (XI ғасыр Рим шіркеуінің екіге бөлінуімен бұл әріптер славян халықтарының арасында кеңінен тарады) шығыс шіркеуі (Православие) ғұрыпын славян тілінде жүргізуі мақсатында киелі діни кітаптарды грек тілінен тәржімалап жазып шығуы үшін жаңа әріптер Византия императорының тапсырмасымен грек алфавитін негізге ала отырып  Кирил мен Мефодий тарапынан ойлап шығарылды. Бұл әріптер славяндардың арасына кеңінен тарап этникалық ерекшеліктеріне сай икемделіп отырды.

"Қытай жаңалықтар арнасы Димаш туралы" - Астанаға арнайы келген Қытай Халық Республикасының журналистері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесіп, сұқбаттасқан соң төмендегідей хабар таратты.

AIKYN.KZ. "Дүние дидарындағы Димаш" - Жүрегім өнер деп соғады. Мақсатым – ән айту, күллі әлемге ішімде жатқан барды жар салу. Міндетім – қазақ әнін паш ету, жанкүйерлеріме жан жүрегімде жатқан жырды жырлау, өнерімді бағалайтындармен бірге толғану, тебірену! Менің әлі айтарым бар. Бұл – бастамасы. Жеңіс құтты болсын! Жүрегім сіздермен бірге! Ыстық ықыластарыңыз үшін рақмет!

TURKYSTAN.KZ. "Жаңғыру жазудан басталады" - Халықаралық «Түркістан» газеті жанындағы «Алдаспан» пікір-сайыс клубының талқыға салған кезекті тақырыбы –  Латын әліпбиіне көшу мәселесі. Дөңгелек үстелге қатысқан спикерлердің пікірі төмендегідей.

18 сәуір 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.