Атырау, 29 наурыз 11:03
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қостанайда төрт бірдей аудан су астында қалды

2 810 просмотра


Еріген қар суы мен арнасынан асқан өзендер Қостанай облысына қарасты Қарасу, Әулиекөл, Сарыкөл және Қамысты аудандарының тұрғындарының мазасын алуда. Бейбіт күнде табиғат апатынан қашып құтылуды ойлаған жергілікті тұрғындар өз баспаналарын тастап шығуға мәжбүр болуда. Қазіргі таңда еріген қар мен тасыған өзен сулары өңірдегі облыстық, республикалық маңызы бар бірнеше автокөлік жолдарын шайып кеткендіктен, көлік қатынасының үзілуіне себепкер болып отыр. Ал, осы тасқын судың салдарынан кейбір ауылдық жерлердегі тұрғындардың қорадағы малдары да қарылып жатыр, хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен мұндай тасқынды көрмегеніме көп болыпты. Қазіргі таңда Октябрьск ауылында 25 үйді су алып кетті. Барлық құтқару шаралары уақытында атқарылды. Құтқарушылар мен облыс әкімі келіп жағдаймен танысып кетті. Су арналарын бұру жұмыстары жүргізіліп, топан суды ауыздықтадық», – дейді Қарасу ауданына қарасты Октябрьск ауылдық округінің әкімі Владимир Андрусенко.

Ал, аталмыш елді мекенмен көршілес орналасқан Железнодорожный ауылында 18 тұрғын үйге кірген су белуарға жетті дейді тұрғындар.

«Әкімдіктегілерден бізге жарықты өшіріп үйден шығыңдар деген бұйрық келді. Ал, біздің қайда баратынымызды да айтпайды. Мұндағы тұрғындардың барлығы малымен жансақтап отырғандар. Сол малды қайда апаратындарын білмей бастыры қатуда. Сондықтан үй жандарына қарайлап су астында қалған баспаналарында тұрып жатыр», – дейді Железнодорожный ауылының тұрғыны Анжелика Велиджанова.


Осындай жағдайды бастарынан өткеріп жатқан тағы бір ауыл осы Қарасу ауданына қарасты Зеленов елді мекені. Ауыл тұрғындары жергілікті билік тарапынан қорадағы малдарын құтқаруға көмек көрсетілгенін жеткізді. Бірақ, барлық үй жануарларын құтқарып қала алмаған. Мәселен 30 басқа жуық мал суға батып кетіпті.

Төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі Қостанай облысы бойынша жедел штабының берген ақпараттына сүйенсек, 16 сәуір күнгі таңғы 09.50- гедейін облыс бойынша 10 аула мен 5 үй су атына қалып 53 адам құтқарылған. Соның ішінде Қарасу ауданының Қарамырза ауылында 7 үйге су кіріпті. Кірген судың деңгейі 10 см құрайды екен.

Су тасқынынан зардап шекен аудандардың қатарында Әулиекөлде бар.

«Әулиекөл ауданында төтенше оқиға орын алды. Жергілікті төтенше жағдай қызметкерлерінің бақылауында болған Диевк ауылының жанындағы өзен тасып, суы ауылға жайылды. Ол барлық ауылды алып кетті. Тұрғындар сергелдеңге түсуде. Құтқарушылар табиғаттың тосыннан келген мінезіне тосқауыл бола алмай жатыр», – дейді ауыл тұрғыны.

«Осы ауданның Көктал ауылында қардың жылдам еруіне байланысты 15 үй мен 15 ауланы су басып қалды. 42 адам мен 55 ірі қара және 81 бас ұсақ мал құтқарылды», – дейді Төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі Қостанай облысы бойынша жедел штабы.

Бір қызығы облыстағы қалыптасып отырған жағдайға қатысты ақпарттар саусақпен санарлық. Жергілікті БАҚ өкілдері су тасқына қатысты ақпарат бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында сөз болады деп күткен. Бірақ, ол жайында ешбір мәселе қозғалмады.

Дереккөз: Baq.kz

17 сәуір 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.