Атырау, 22 тамыз 23:49
Таңертең ашық+32, күндіз +34
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.58  € 390.38  P 5.63

Заң бойынша: соттылығы бар ма, жоқ па, жұмыс берушінің шаруасы емес

16 сәуір 14:25

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВТІҢ қатысуымен брифинг өтті.

Өткен жылы еңбек инспекторлары 503 тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның барысында 427 ұйғарым беріліп, 32 млн теңге сомада айыппұл салынды. 2016 жыл ішінде өндірістегі өлім саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 есеге (алдыңғы жылы - 2, 2016 жылы - 12) көбейген. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында үш қызметкер қаза болды. И.Әубәкіровтің пікірінше, бұл қайғылы жағдай жұмыс берушінің дұрыс жағдай жасамауы, еңбек қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қадағаламау салдарынан орын алып отыр.

Келесі тақырып  - қазақстандықтар мен экпатттардың ара салмағы (ең алдымен әзірге әлі «майлы» мұнай секторымен байланысты кәсіпорындар туралы екенін түсіну керек). Облыстық әкімдік жанында шетелдік жұмыс күші үшін рұқсат беретін комиссия жұмыс істейді. Негізгі талап – кем дегенде балансты 50х50 мөлшерінде сақтау. Жыл басынан бері қазақстандық 4 компания тексерілді, барлығынан осы принциптегі заң бұзушылықтар анықталды. Шетелдік мамандардың дипломдары бос орындарда көрсетілген мамандықтарға сай келе бермейді. Сондай-ақ, шетелдіктердің комиссия рұқсатынсыз жұмыс жасау фактілері анықталды. Көші-қон полициясы мен облыстық әкімдік комиссиясына оларды жыл ішінде Қазақстаннан тысқары шығарып жіберу және осы заң бұзушылықтарға орын берген компанияларға шетелдік жұмыс күшін тарту туралы рұқсат бермеу жөнінде ұсыныстар жолданды.  

…Еңбек инспекциясына облыс тұрғынынынан шағым түсті. Оны жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші одан соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама сұраған. Ал Әубәкіровтің айтуынша, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші 5 құжатты сұрауға құқылы. Олар - жеке бас куәлігі, білімі туралы диплом, қызметкердің біліктілігін растайтын сертификаттар, еңбек кітапшасы, №63 формадағы медициналық анықтама. Осы норманы кәсіпорындар мен мекемелер арасында түсіндіру үшін инспекция қызметкерлері мен Құқықтық статистика орталығының қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды.  

2016 жыл ішінде ҚР «Жұмыспен қамту туралы» Заң бойынша 68 заң бұзушылық тіркелді. Жұмыс орны босаған кезде кәсіпорынның немесе мемлекеттік органның басшысы 3 күн ішінде бұл туралы жұмыспен қамту орталығына хабарлауға міндетті. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыздарға мониторинг жүргізеді. Егер біреулерде тиісті мамандық болса, оларды босаған орындарға ұсынады. Бірақ заңның бұл нормасы, әсіресе, мектептерде, ауруханалар мен мемлекеттік органдарда нашар жұмыс жасайды. Көптеген басшылар тексеру барысында бұл туралы білмегендіктерін мойындады.

И.Әубәкіров инспекторлардың бақылау қызметінің тәртібі туралы әңгімеледі. Жоспардан тыс тексерулер заңдылықтың бұзылуы туралы азаматтардың нақты шағымдары бойынша тағайындалады. Сонымен қатар, ішініра тексерулер (тізім әр жыл басында тәуекел белгілері бойынша, яғни, алдыңғы жылдарда жіберілген заң бұзушылықтар бойынша бекітіледі) жүргізіледі.

Жұмыспен қамту туралы заң бұзушылық бойынша әкімшілік іс қозғалған кәсіпорын Құқықтық статистика орталығының есебіне алынады. Содан кейін онда тендерге қатысу кезінде кедергілер туындауы мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1111 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4