Атырау, 19 сәуір 17:29
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Президенттің мақаласы мен латын әліпбиі туралы

3 521 просмотра

13 сәуір күні «Атырау» мәдени орталығында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өз баяндамасында осы мақалада айтылған алты бағыттың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелерін көтере отырып, таяу жылдары латын әліпбиіне көшетінімізді атап өткен болатын. Осы бағытта «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жобалар жүзеге асырылмақ. 

Өңір басшысы таяуда атқарылатын бірқатар міндеттерді белгілеп, оларды іске асыруды жергілікті мемлекеттік органдарға жүктеді.

Айнур САПАРОВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

14 сәуір 2017, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.