Атырау, 29 наурыз 15:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Ресейге көшушілер «баяу да болса көбейіп барады»", "Латын графикасына өткен түркі елдерінің тәжірибесі", "Реакция: көршіміз бұл күн қазақ ұлтының жойылуының бастамасы деп дабыл қағуда", "Өзбекстан лаңкестері Қазақстанға қауіпті ме?"

2 396 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Көзіме қара!».БҰҰ-дағы Ресей өкілі неге ызаланды?" - Сирия жайлы пікірталас кезінде британиялық дипломатқа зекіп сөйлеген Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі орынбасарының шамданған сөзі Ресейде қызу талқыланып жатыр. Кейбір адамдар оны қолдаса, сынаушылар «ұятқа қалдырды» дейді.

"Ресейге көшушілер «баяу да болса көбейіп барады»" - Ресей ішкі істер министрлігі сайтындағы дерекке сәйкес, 2016 жылы Қазақстаннан кеткен 37 837 адам Ресей азаматтығын алған. Бұл деректерді наурыздың 30-ы күні Астанада «Еуразия мониторингі» сараптамалық зерттеулер орталығында өткен кездесуде «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы директоры, тарих ғылымы докторы, профессор Зиябек Қабылдинов пен «Сібір-Еуразия» сарапшылар клубы жариялады. Оның сөзінше, 2015 жылы Қазақстаннан Ресейге шамамен 32 мың адам кеткен, олардың негізгі бөлігі – этникалық орыстар немесе орыс тілді халық.

"Латын графикасына өткен түркі елдерінің тәжірибесі" - Қазақстанда латын әліпбиіне көшу жайы тағы да айтыла бастады. Азаттық тілшісі осыған орай өзге түркітілдес елдердің бұл саладағы реформасы қалай болғанын сұрап көрді.

ZHASALASH.KZ. "«Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде»" - Әлемнің түкпір-түкпірінде алуан түрлі оқиғалар, қанды қақтығыстар боп жатады. Ғаламдық шахмат тақтасында ерсілі-қарсылы жүріс. Екі жақ бір-бірінің фигураларын «жеп жатыр». Дене түршігерлік сюжеттерді теледидардан көреміз де, «бізде болса бәрі тыныш, ол у-шудың бізге қатысы жоқ» деп жайбарақат отыра береміз. Меніңше, жаппай әрі тоқтаусыз жаһандану кезінде мұндай ой мүлдем орынсыз.

"Үкімет газ бағасын еркіне жібереді" - Көгілдір отын мемлекеттік бақылаудан босатылып, электронды са-уда арқылы сатылмақшы.

ABAI.KZ. "Мұхтар Кәрібай: Ұлттық жаңғыруға Үндеу" - Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз Қазақстан мемлекетіндегі қазақ қоғамының бүгінгі келбеті мен келешекке сенімді енуінің күретамырлы жайттарын айқын анықтаған ауқымды да нақты, манифест деңгейіндегі бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар.

"Өзбекстан лаңкестері Қазақстанға қауіпті ме?" - Соңғы уақытта алыс-жақын шетелдерде болып жатқан лаңкестік шабуылдарға ТМД және Орталық Азия елдерінің азаматтарының қатысы бар екендігі жиі айтылуда. Осыған байланысты "Qazaqtimes.com" сайты Орталық Азия елдері ішінде Өзбекстанға тоқталыпты.

365INFO.KZ. "«Енді, Путин де кедергі бола алмайды». Өгей әліпбиден оңай құтылудың жолын білесіз бе?" - Күні кеше Елбасы осы жылдың соңына дейін латын әліпбиіне көшетінімізді айтты. Ал 2018 жылдан бастап барша оқулықтар, жазулар латын графикасында жазылады. Әрине, сауал көп. Күдік те аз емес. Ел бұл үрдіске бірден үйреніп кете ме? Латын әліпбиіне көшудегі басты мақсат не?

"Асқар Жұмаділдаев министр болса, ең бірінші нені қолға алатынын айтты" - Қазақстан ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаевтың «Қазақстанның ашық университеті» тегін онлайн-видеокурсының тұсаукесері өтті.

QAMSHY.KZ. "Реакция: көршіміз бұл күн қазақ ұлтының жойылуының бастамасы деп дабыл қағуда" - 2 сәуірде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласындағы «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы айтып, оның Қазақстан үшін аса маңыздылығын мәлім етті. Соған орай 2018 жылдан бастап дайындық жұмыстарын бастау жөнінде бұйрық берген. Миллиондаған тұрғындарға латын әліпбиін үйрету үшін арнайы педагог мамандар әзірленіп, жаңа оқу құралдарыын шығару мақсат етілді.

"Марат Тәжин. Алтынбектің әлемі" - Бірнеше күн бұрын БАҚ бетінде президент мақаласы тек қазақ тілінде жарияланып, ұлттық санамыз жаңаруға жол алды. Болашаққа жаңа бағдар түзедік. Мемлекеттік саясатымыз жаңа белеске көтерілді. Елбасы сөзімен айтқанда «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты». Қамшы ақпараттық агенттігі бұдан былай мемлекеттік саясатты қалыптастырған тұлғалардың, ішкі саясат жетекшілерінің мақалаларын, олардың өмір белестері туралы естеліктерді дәстүрлі түрде жариялап отырады.

AIKYN.KZ. "Ердоған шексіз биллікке ие бола ма?" - Жексенбі  күні Түркияда   референдум өтеді. Ондағы мақсат – конституцияға  өзгерістер енгізу.  Бір сөзбен айтқанда, Түркия  парламенттік  республикадан президенттік   басқарылым  жүйесіне өтеді. Конституцияға 18  түрлі  өзгеріс жасалмақ. Мұның бәрі президенттің  өкілеттігін кеңейтуғе  арналған. Егер де халық  өзгерісті  қолдап дауыс  берсе, бүгінгі президент Режеп Тайып Ердоған  елдегі бүкіл билікті  бір уысқа  жинап алары белгілі.  Онсыз да  2003 жылдан  бері Түркия билігінде  келе жатқан  Ердоған  елді басқаруды  2029  жылға дейін  жалғастырмақ. 

"«Трамп, cенен Обама жақсы еді…" - «Егер АҚШ алтыншы рет ядролық сынаққа кедергі келтіретін болса, біз соғысты бастаймыз!». Ресми Пхеньян  кәріс жағалауына жақын келген оқтұмсықтары бар АҚШ-тың екі алып кемесін елең етпей, осындай мәлімдеме жасады. «Егер америкалық оқтұмсықтар кәріс жеріне қарай бағытталатын болса, онда біз де қол қусырып қарап отыра алмаймыз.  АҚШ мәжбүрлеуге апаратын болса, біз соғысқа дайынбыз, – деп мәлімдеді 14 сәуір күні  AP агенттігіне сұхбат берген Солтүстік Корея Қорғаныс министрінің орынбасары Хан Сон Рель.

QAZAQUNI.KZ. "Коммунист Смирноваға кім сенеді?" - «Латын әліпбиіне көшсек, орыс әлемінен алыстаймыз» деп елді шошытқан коммунист Смирнова Елбасы саясатына қарсы шыққаны үшін кешірім сұрады.

INFORM.KZ. "Дәурен Абаев Мемлекет басшысының мақаласына қатысты пікір білдірді" - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына пікір білдірді. Министрдің айтуынша, жеке өзіне Президенттің 100 үздік әлемдік оқулықты мемлекеттік тілге аудару, қазақстандық мәдениетті шетелде ілгерілету ұсынысы қызықты болды.




14 сәуір 2017, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.