Атырау, 28 наурыз 13:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Үстеме сағат үшін 22 мың теңге аз

3 014 просмотра

Атырау қалалық сотында қызықты іс қаралды. Экспат өзін шақырған компаниядан артық жасаған жұмыс сағаттары үшін 3,6 миллион теңге өндіріп алды.

Іс жүзінде Ұлыбритания азаматы К.Кевин «K Caspian Engineering» ЖШС-нен 81 млн теңгедей үстеме жұмыс өтемақысын өндіріп алмақ болған. 

Ол талап арызда көрсеткендей, 2012 жылдың қазанында жоба менеджері ретінде еңбек келісімшарты бойынша жұмыс жасауға кіріскен. Келісімшарт 2016 жылы қызметкердің өзінің бастамасымен бұзылады. Британдық ҚР Еңбек кодексі бойынша 1 852,4 сағат артық жұмыс жасаған. Жұмыс беруші сағатын дұрыс есептемей, еңбекақысын жұмысына сай төлемеген. Іс материалдарына сәйкес, соңғы жыл ішінде ол әрбір үстеме сағат үшін 22 мың теңгеден сәл астам сома алған. Жоба менеджері компанияның тағы 80,7 млн теңге бережағы бар екенін есептеп, сотқа жүгінген.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот жауапкердің үстеме сағаттар үшін кем төлегенін анықтап, талап арызды ішінара қанағаттандырды.

К.Кевиннің пайдасына бұрынғы жұмыс берушісінен үстеме жұмыс жасағаны үшін 3,6 млн теңге өндіріліп алынды. Сот шешімі күшіне енді.

«АЖ» анықтамасы

«K Caspian Engineering» жобалау компаниясы мұнай-газ саласында инженерлік жобалау мен зерттеу қызметін ұсынады. Компанияның негізі 2007 жылы қаланған және 100 пайыз қазақстандық компания болып табылады. Компания өз сайтында: «Біздің компанияның тұрақты әрі негізгі Тапсырыс берушісі - «Теңізшевройл» ЖШС» деп, өзінің ТШО-ның басымды мердігері екенін хабарлайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 сәуір 2017, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.