Атырау, 19 сәуір 05:14
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әйелін ұрған еркектер он тәулікке қамалуы мүмкін

2 010 просмотра


ҚР Бас прокурор тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамаға өзгерістер мен түзетулерді енгізуді көздейді. Соның ішінде әкімшілік қамауды он тәулікке дейін ұзарту шарасы да бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бір түзетуіміз бар. Ол - әкімшілік қамауды 3 сағаттан 24 сағатқа ұзарту. Бұл уақытта бұзақы есін жинап, ашу-ызасы басылып, не істегеніне дұрыс баға бере алады. Ал үш сағаттың ішінде ол мүмкін емес. Сосын қорғау нұсқамасы деген бар. Оны бәріміз білеміз. Соны бұзса, көбінесе, ішкі істер органдары ескерту жасап жатады. Шынын айтсақ, сол ескертуді ешкім менсінбейді. Сондықтан ескертудің орнына он тәулікке әкімшілік қамау болса екен дейміз. Осындай түзетуді біз жақында Парламентке жібермекпіз», - деп атап көрсетті Бас прокурор Жақып Асанов бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған жиында. 

Оның айтуынша, жеті жылдан бері еліміздің зомбылықтың алдын алу заңнамасына өзгеріс енгізілмеген. Ол уақыттың ішінде бірқатар тетіктер ескіріп қалды. Осыған байланысты арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.  

Айта кетейік, өз баяндасын толығымен мемлекеттік тілде жасаған Жақып Асанов өз өмірінен бір оқиға жайында баяндап берді. Бұдан бөлек, нақты статистиканы келтірді. Елімізде әйелдерге қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасы жағдайында болды. Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәселеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салды. Бас прокурордың ойынша, мектепте қажетсіз пәндердің орнына өмірге пайдалы білім беру керек. Сонымен қатар Асанов мырза үйленемін деушілерге арналған міндетті курс енгізуді ұсынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 сәуір 2017, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.