Атырау, 28 наурыз 21:39
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Кішкентай екі қыз Жайыққа батып кетті

4 129 просмотра


Бүгін, 13 сәуірде Махамбет ауданының Атамбаев ауылында бір отбасының екі кішкентай – бір жарым жастағы және үш жастағы қыздары Жайық суына батып кетті.

Бұл туралы Атырау облыстық судан құтқару қызметінің басшысы Самат ҚҰМАШЕВ хабарлады. Тал түсте ата-аналары балаларын үйден таба алмай, оларды жағалаудан іздей бастаған (үйлері өзеннен 20 метр жерде орналасқан). Ал сәл кейінірек туыстары ағыс бойымен екі километрдей төмен жерден қыздардың жансыз денесін судан шығарып алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

13 сәуір 2017, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.