Атырау, 24 сәуір 05:10
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Самалды ұрылар нысанаға алған

3 208 просмотра


Редакцияға Самал ықшамауданының тұрғыны хабарласты: «Біздің ықшамауданда неліктен ұрлық көбейіп отыр? Полиция мұнымен қалай күреседі? Тек менің көшемдегі үйден 8 үйді тонап кетті, оған қоса дабыл жүйесі қосылып кетіп, ұрлыққа түсе алмай қалған оқиға болды. Ал №3 көшедегі көршілер тапа-тал түсте ұрылар КамАЗ-бен аулаға кіріп, ұрланған мүліктерді толтырып тиеп, жайбарақат кетіп қалды дейді. Тіпті, полицейлердің өздері Самалдан шақыртулардың көп екенін айтады».

Біз ІІД-ге редакция сауалын жолдаған едік. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА былай деп хабарлайды: «Биылғы жыл басынан бері Самал ықшамауданында бөгде мүлікті ұрлау бойынша 16 оқиға тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 3 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері 3 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Топқа Самалдағы 2 пәтер ұрлығын жасады деген айып тағылып отыр.

5 наурызда тағы бір қылмыстық топ (4 адам) ұсталды. Оларға Самал ықшамауданындағы 4 пәтер ұрлығы бойынша айып тағылды. 5 сәуірде 3 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар 10 ұрлық жасағандарын мойындады. Соның ішінде Самал ықшамауданындағы 2 ұрлық бар. Барлық фактілер бойынша қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа 10 наурызда Мұқанов көшесінде тұратын қала тұрғыны Атырау қалалық ІІБ-не Самал ықшамауданында белгісіз біреулердің КамАЗ көлігіне бос тұрған үйдің ауласынан контейнерді жасырын тиеп, алып кеткенін мәлімдеді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол мойындау жауабын берді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 сәуір 2017, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.