Атырау, 23 сәуір 23:33
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Латынға көшу мемлекеттік тілдің мәселесін шеше ме?", "Әміржан Қосанов. Президенттің мақаласына пікір", "Жаңа жер кодексі туралы не білуіміз керек?", "Қазақ ұлтшылдығы қандай болуы керек?", "Әйел болып киіну сәнге айналды"

2 910 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сталин бейнесін жаңғырту дауға ұласады" - Алматыда постсоветтік кеңістікте сталинизмді ақтау мәселелеріне арналған «Тірі тарих» дәрістер циклі өтті. Соңғы дәріске қатысқан Азаттық тілшісі кейбіреулер үшін «халық көсемі» әлі күнге дейін тірі екеніне көз жеткізді.

"Македониядағы саяси дағдарыстың салқыны экономикаға тие бастады" - Македонияда ұзаққа созылған саяси дағдарыс кезінде елде үкімет жасақталмай, халық наразылығы артып келеді. Сарапшылар мұның экономикалық және әлеуметтік салдары ауыр болуы мүмкін деп алаңдайды.

ZHASALASH.KZ. "Латынға көшу мемлекеттік тілдің мәселесін шеше ме?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мемлекеттік басылым «Егемен Қазақстанда» жарияланды. Үндеу сипатты мақалада латын әліпбиіне көшу де сөз болып: «2025 жылға қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды – бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», – делінген.

"Қазақ ұлтшылдығы қандай болуы керек?" - «Қазақтар» қойылымында (Қ.Ысқақ, Шахимардан) Қасым ханның серігі әрі қорғаушысы есепті жүретін Мойынсыз деген кейіпкер бар. Спектакльдің соңғы сценаларының бірінде Қасым хан Мойынсызға бостандық береді. Сонда ес білгелі ханға қызмет етіп келген Мойынсыз: «Хан ием, қайда барамын?» – деп дағдарады. Қайда барады? Ол – Мойынсыз ғой. Қарап тұрсақ, қазіргі қазақ ұлтшылдығы да Мойынсыздың кейпінде. Басы жоқ, кеудесі ғана бар. Көкірегі сайрап тұрғандай, күресуге дәрмені жоқ.

"ЭКСПО көрмесі –халықтың көз жасы" - Тәуелсіз Қазақ елінің энергетикалық әлеуеті өте қызық. Инновация дәуірінде өмір сүріп жатса да, еліміздің көптеген өндіріс ошақтары, тас дәуірі демей-ақ қоялық, қола дәуірінің заңдылығымен жұмыс істеп тұр. Электр қуатын өндіретін мекемелердің 70 пайыздан астамының әлі тас көмірсіз күні жоқ. Тек 30 пайызы газ бен мұнайдың, су көздерінің үлесінде. Күн мен желдің үлесі тіптен 0,1 пайызға да жетпейді. Ал өзгелер мына тұрған Айды қойып, қызыл ғаламшарға қала салып, адам қоныстандырғалы жатыр. Батыс мемлекеттерінің басым бөлігі осыдан ең кемі – 30, ары айтар болсақ, 50 жыл бұрын-ақ тас көмірден бас тартқан.

BAQ.KZ. "Жаңа жер кодексі туралы не білуіміз керек?" - ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер бойынша комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.

ABAI.KZ. "Бұл маржаның депутатық мандатын қайтарып алу керек!" - ҚР Президенті Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы кешелі бері қоғамдық пікір талқысына түсіп жатыр. Күткеніміздей-ақ, бөтен елдің ішкі ісіне араласып, ақыл айтып, қоқан-лоққы жасамаса, отыра алмайтын Ресей баспасөзі де Назарбаевтың мақаласына қатысты сын айтуға білек сыбана кірісіп кетті. Мейлі ғой, бірақ, Кремльдің пропагандасын ашық жүргізуге ұмтылатын Ресейдің қазіргі баспасөзі заманның озып, ескінің тозып қалғанын түсіне бермейтін нәкөстігімен, «жуынбаған» жуан қалпымен қайда барамақ деп, біз де іштей күліп отырмыз. Күле отырып, иіс қоңысы ауа жайылған, кір-қожалақ лас елден енді іргемізді аулаққа салмасқа  амал кем («Прощай, Россия, немытьая», Лермонтов) дегенді де ойлай түсеміз. Әйтсе де, олардың күңкіл-сүңкіліне де назар аударып қойған жөн шығар...

"Латын әліпбиін құрастырудағы қазіргі қиындықтар мен оны шешу жолдары" - Біз алдағы уақытта рухани тәуелсіздікке де жетеміз десек, орыс тілінің ықпалынан шығуымыз қажет-ақ. Ол үшін қазіргі жазуымызға реформа жасау керек екенін көпшілік мойындай бастады. Бірақ соның басқаша жолмен де жүзеге асуы мүмкін екенін көпшілік ескермей жүргендей. Мәселен, орыс жазуының өзі латын/грек әліпбиінен өрбігені баршаға мәлім. Осыны ескере отырып, қазіргі әліпбиіміздегі орыс тіліне тән, біздің тілге мүлдем жат дыбыс-әріптерді (в, ф, ц, ч, э, ё (ио), и (дауысты), у (дауысты), я, ю, ь, ъ, х,), сондай-ақ араб-парсы тілінен келген, бірақ қазақ тілі сөздерінің мағынасын өзгертуге еш қатысы жоқ, «арбаның бесінші дөңгелегі» сяқты болып, қазақ тілінің «қ» дыбысымен қосамжарласып жүрген «һ» дыбыс-әрпін алып тастасақ, латынша болып шыға келер еді.

"Әміржан Қосанов. Президенттің мақаласына пікір" - Президенттің бүгін жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, сөзсіз, мемлекеттің рухани өміріндегі әрі саясатындағы басты бағыттарға жаңаша және ең бастысы, жария басымдықтар беріп отырған дүние. Қанша биліктің сыншысы болсам да, онда айтылған көптеген ойлармен, соны идеялармен келіспеу, оларды қолдамау мүмкін емес. Өйткені, қоғамның қазанында бұрқ-бұрқ қайнап жатқан мәселелердің басы шалыныпты.

365INFO.KZ. "«Әй, тіліңе ие бол!». Мұстафа Шоқайды фашист деген кім?" - Бұл не? Мұны қалай түсінуге болады? Одақтас деген елдің ойы неге бұзық, пиғылы неге арам? Көршіміздің Мұстафа Шоқайды фашист деуге қандай құқы бар?

"Латын әліпбиіне көшу, бұл ең алдымен, қазақ ұлтына бағытталған үндеу — саясаттанушы" - Бізде әлі күнге дейін кеңестік таптаурын түсініктер жойылған жоқ. Мәселен, қоғамдағы «байлық — жаман, кедейлік — жақсы» деген түсінік жойылмаған.

TURKYSTAN.KZ. "Әйел болып киіну сәнге айналды" - Сахна тазалықты, шынайылықты сүйеді дейміз. Ал тіл – сахна құралы. Бұл арқылы сахна мәдениеті қалыптасады. Алайда «ауыз менікі» екен деп, көрерменге арзанқол әзілдерді тықпалай беру мәдениеттің қай түріне жатады? Тіпті, әйел образын сомдауға құмар ер азаматтар жұртты тамсандырып жүрміз деп ойлай ма? Соңғы кезде бұл көрініс белең алып кетті десек, ешкім теріске шығармас, сірә?!

"Атүсті аударма – абыройсыздық" - Көшелердегі жарнама, сауда орындарының атауы, жарнамалық парақшалардың қателеріне көз үйренгені соншалық, жұртшылық «бұл қалай?» деп таңданудан қалған. «Мына қатені жөндеуге болмас па?» деген сауалды елемейтіндер де бар. Қазақ тілінің шұбарлануын, маңдайшадағы  қателерді қалай азайтуға болады? Бұл  тіл мамандары мен жанашырларын ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды да ойлантуы тиіс.

13 сәуір 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.