Атырау, 29 наурыз 02:13
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Перуашев асханасы мен әжетханасы жоқ пәтер салу туралы ұсынысын түсіндірді

2 827 просмотра


Депутат Азат Перуашев әжетханасы жоқ пәтерлердің құрылысы жайлы ұсынысының дұрыс түсіндірілмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, депутаттық сауал ауыл жастары үшін жатақхана құрылысы туралы болған. Депутаттың мәлімдемесін "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Мәлімдемесінде Перуашев пәтерлердің мысалы пәтердегі тұрғын алаңында санитарлық торап пен асхананың қандай ара қатынасы бар екенін түсіндіру үшін келтірілгенін айтты. 

"Санитарлық торабы мен асханасы тұрғын алаңынан тысқары орналасқан жатақханаларда баспана құны автоматты түрде 40 пайызға арзан болады. Бұл жатақхананы халықтың аз қамтылған тобына қолжетімдірек етеді, осыған байланысты үкіметке "Нұрлы жер" бағдарламасына жатақхана құрылысы бойынша бағытты қосуды ұсындық", - деп келтіреді Перуашевтің сөзін партияның баспасөз қызметі.  

"Бүгін таңда Қазақстан құрылысшылары одағының басшылығы бізбен хабарласты, әр өңірден төрт құрылыс компаниясы хабарласты, оның ішінде Астана мен Алматыдан, олар бағасы 40 пайызға төмендеген осындай жатақханаларды салуға дайын екенін мәлімдеді. Сондықтан ұсынысымыздың негізі бар әрі баспаналы болуға қаражаты жоқ адамдар үшін маңызды деп есептейміз", - деді депутат. 

Ал осыған дейін мәжілісменнің қалаларда баспанасы жоқ қыз-жігіттерге арнап "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бір бөлмелі баспаналар тұрғызу керек деп, премьер-министрдің атына сауал жолдағаны хабарланған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 сәуір 2017, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.