Атырау, 29 наурыз 17:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау» жеңісін алғыр бозбала алып кетті

Сурет
2 546 просмотра

Бүгін, 12 сәуірде «Судоремонтник» стадионында «Атырау» футболшылары «Шахтер» (Қарағанды) командасын қабылдады.

Қожайындар соның алдында ғана бас бапкерсіз қалған еді. Зоран ВУЛИЧ отбасылық жағдайына байланысты клубтан кеткен болатын. Жанкүйерлер ол отанына кетіп қалды деп жорамалдады, алайда Вулич бүгін команданы қолдау үшін келіпті. Ол вип орынға жайғаспай, алаң шетіне жақын жерде тұрды.

Зоран Вулич

Меймандар есеп ашты: 11-ші минутта Дәуренбек ТӘЖІМБЕТОВ жоғарыдан әуелеген допты қабылдап, оны қақпаға бұрды. «Ақ-жасылдар» жақсы шабуылмен жауап берді, 28-ші минутта Әлішер СҮЛЕЙДІҢ берген добымен «Атырау» жартылай қорғаушысы Шавкат СОЛОМОВ өкшемен гол соқты. Мұндайды біздің стадиондарда сирек көресің. Өкінішке орай, «Шахтерға» алға шығуға бар болғаны екі минут қажет болды: қақпашы Андрея ПАСЕЧЕНКОНЫҢ қателігінен кейін «Атырау» қақпасына Ринат ХАЙРУЛЛИН гол соқты.

Екінші таймда «Атырау» қарсыласының бетін қайтарды. Бас бапкердің міндетін атқарушы Қуаныш ҚАБДОЛОВТЫҢ ойыншыларды алмастыруы қожайындар ойынын жандандырып жіберді. Нәтиже: Юре ОБШИВАЧ 78-ші және 82-ші минутта қатарынан гол соғып, командамызды 3:2 есебімен алға шығарды. Жанкүйерлер бұған «жарайсыңдар!» деп қатты дауыстап қошемет көрсетті. Алайда жеңіс туын ұстап қалу мүмкін болмады. Қосымша берілген уақыт ішінде «Шахтердың» өте жас (18 жас) шабуылшысы Оралхан ӨМІРТАЕВ айыппұл алаңындағы сызықта допты шеберлікпен қақпаға салды. Матч қорытындысы 3:3 болып, тең түсті.

Ойын жақсы, мазмұнды, дүбірлі өтті. Бірақ өкініш те көп еді: үш ұпайдың орнына бір ұпай және турнирлік кестедегі минус алты ұпай бар. Ал қазір туннель соңындағы шамды жарқырату үшін «Атырауға» чемпионаттағы бірінші жеңіске жету қажет.

Келесі матчты атыраулық футболшылар 16 сәуірде «Ақтөбемен» өткізеді.


Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

12 сәуір 2017, 22:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.