Атырау, 20 сәуір 01:09
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жаза мерзімі қосылмады

Бейнежазба
3 423 просмотра
Манарбек ӨТЕУОВ
Бүгін, 12 сәуірде №2 қалалық сотында өткен жылдың қараша айында Атырау тергеу абақтысында жанжал шығарған экс-полицей Манарбек ӨТЕУОВКЕ үкім жарияланды. Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың мамырында ол Өзбекстан азаматын айуандықпен өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын.

Жаңа іс материалдарына сүйенсек, 2016 жылдың 21 қарашасында Өтеуов қарауылдар ауысымы кезінде камерадан шығып кетіп, оларға металл шыбықпен қоқан-лоққы көрсетіп, өзін ұстап, қолын бұрағанша тергеу абақтысы бастығының орынбасары Е.Молдабековтің бетінен жұдырықпен ұрып үлгерген. Бұл әрекеттерге ҚР ҚК-нің 428-бабы 1-тармағы («Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау») және 429-бабы 2-тармағы («Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне қатысты күш қолдану») бойынша баға берілді.

Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, мемлекеттік айыптаушымен іс жүргізу келісімін жасады. Оған 428-бап бойынша 2,5 жылға және 429-бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Қатаңдығы жеңілірек жазаны анағұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен Өтеуовке жасаған қылмыстарын қосқанда сол– 22 жыл бас бостандығынан айыру мерзімі қалдырылды. Жаза өтеу орны қатаң режимдегі колония деп белгіленді.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор


12 сәуір 2017, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.