Атырау, 24 сәуір 04:14
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 650 просмотра

ТАЕКВАНДО

19-21 сәуірде «Атырау» ДСК-де Дүниежүзілік Таеквондо Федерациясының (WTF) сертификатталған сайыс кестесіне сәйкес, юниорлар арасында Азия чемпионаты мен пумсе бойынша юниорлар арасында Азия чемпионаты өтеді. Ал келесі үш күнде сол жерде Арман Шылмановтың сыйлығына халықаралық «Kazakhstan Open» G1 турнирі өтеді.

ҚР Таеквондо Федерациясы 20 елден 500-ден астам спортшы келеді деп болжап отыр. Қазақстанның жоғарғы деңгейде таеквондо бойынша сайыстар өткізу тәжірибесі бар. 2014 жылы Астанада Дүниежүзілік «Гран-при» сериясының кезеңі өтті. Жыл сайын халықаралық «Kazakhstan Open» ашық турнирі өтіп тұрады.
- Биыл «Kazakhstan Open» ашық турнирі G1 санатына ие болды. Бұл Атырауда Олимпиада ойындарына қатысу үшін әлемдік рейтингтік ұпайлар үшін күш сынайтын анағұрлым шебер спортшылар сайысады деген сөз, - деп хабарлады ҚР мемлекеттік бапкері, 2008 Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Арман Шылманов. – Атырау рейтингілік ұпайлар ойналатын Лас-Вегас, Афины, Акапулько, Анталья, Доха және Гамбург секілді қалалармен тең қатардан орын алды. Олар үшін бүкіл әлемнің үздік таеквондошылары бүкіл Олимпиада циклі ішінде күресетін болады.


ДЗЮДО

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында Қазақ КСР спорт шебері Серік Аманбаевтың сыйлығына жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир өтті. 

Сайысқа Атыраудан №1 Олимпиада резервіндегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің (Авангард) шәкірттерінің командасы қатысты. Өздерінің жас және салмақ дәрежелері бойынша Эдуард Русланов пен Арсен Ақкенжиев алтын, Ғазиз Қуандық күміс, Темірлан Асланбек қола иеленді. Балаларды бапкерлер Ж.Қиянов, К.Сүлейменов пен Н.Қанатов дайындады.

***

БОКС

Бокстан облыстың ерлер құрамасы Нальчик қаласында өткен ашық бүкілресейлік «А» санатындағы турнирге қатысты. Турнир Балкар халқының жаңғыру күніне арналды. 

Жылыой ауданынан Ержан Ордабаев алтын алқа мен «Үздік техникасы үшін» кубогын иеленді. Амандық Манашевқа, Рашид Салауатов пен Есенаман Шунгаринге қола алқа бұйырды.

1999-2000 жылғы және одан төмен жастағы қыздар арасында «Көктемгі каникул сыйлықтарына» Атырау облысының мамандандырылған бокс клубының біріншілігі өтті. 

Гауһар Зарден (26 кг дейін), Мәлика Есенова (32 кг дейін), Нұрай Жангелдиева (44 кг дейін), Дильназ Бақыт (48 кг дейін), Құралай Исакова (57 кг дейін) және Нұрсәуле Елтай (75 кг дейін) жеңімпаздар атанды. Қыздарды А.Көшенов, А.Шариева және М.Абсенов жаттықтырады.

***

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Индербор поселкесінде жекпе-жек бойынша ашық облыстық турнир өтті

Сайысқа жекпе-жек облыстық федерациясының, «Али» клубының, Индер және Жылыой аудандары командаларының 70-ке жуық спортшылары қатысты. Үш алтын алқаны қанжығаларына байлаған «Али» клубының шәкірттері өздерін жақсы көрсете білді. Олар: Әділхан Аязбаев (55 кг дейін), Алдияр Бәкішев пен Саламат Зеньков (69 кг дейін). Спортшыларды Алпамыc Адиатов жаттықтырады.

***

КАРАТЕ

Ақтөбеде кекушинкай-кан карате-до бойынша Қазақстан Кубогы өтті.

Кекушинкай-кан федерациясы Атырау филиалының шәкірттері көптеген алқалар иеленді. Тамишевари (тақтай сындыру) бойынша Азамат Сағындықов мықты атанды. Кумите бойынша (жекпе-жек) Нұрдәулет Амангелді, Аян Ибрагим, Айдар Махмет, Еркебұлан Катешов, Богдан Панков, Азим Мусаев, Димаш Әбдіғали, Андрей Котов, Адам Борисов, Аружан Әбдрахманова мен Карина Досымова алтын алқа тақты. Тағы да атыраулық 11 спортшы күміс және 6 спортшы қола жүлдегерлері атанды.

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

«Динамо» спорт орталығында облыстың құқыққорғау органдары қызметкерлерінің арасында абсолюттік салмақ дәрежесі – түйе палуан бойынша қазақ күрестен сайыс өтті

Турнирге ішкі істер бөлімінің арнайы бөлімшелері мен аудандық бөлімдерінің 6 командасынан 30 шақты қызметкер қатысты. Арнайы шұғыл әрекет ету жасағының (АШӘЖ) қызметкері, күнделікті өмірде белдесіп күресу бойынша әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Нұрболат Ыстыбаев пен полицей күзеті қызметінің қызметкері Дулат финалға шықты. Ыстыбаев үстем түсіп, бірінші орын алды. Дулат екінші орынды, АШӘЖ қызметкері Ерік Қарабаев  үшінші орынды иеленді. «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығы ТЖД қызметкері Бейбіт Бохатовқа бұйырды.

***

ВОЛЕЙБОЛ

Волейболдан құқыққорғау органдары қызметкерлерінің арасында облыстық турнир өтті

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды ТЖД-1, 2-орынды «ТЖД-құтқарушы», 3-орынды Құрманғазы АІІБ командалары иеленді. Үздік ойыны үшін Құрманғазы АІІБ қызметкері Айнұр Теміржановаға сыйлық табыс етілді. Мамандандырылған күзет басқармасы командасынан Ақтолқын Сапашева үздік байланыстырушы деп танылды.







13 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.