Атырау, 29 наурыз 14:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

2 880 просмотра


Сәуірдің 6-да таңертең Баймұханов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің балконында өрт болды. Бұл туралы жанынан өтіп бара жатқан адам «Батыс-12» полицей экипажына хабарлаған. Полицейлер подъезден 15 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, өрт сөндірушілерді шақырып, өрт болып жатқан жерге өрт сөндіру машиналарының кіруін қамтамасыз етті.

***

Полицияға қаладағы қонақ үйлердің бірінің 55 жастағы қызметкері шағымданды: 8 сәуірде үш тұрғын бұзақылық пиғылмен 300 мың теңге тұратын ыдысты сындырған. Бұзақылардың жеке басы анықталды. Олар қала маңындағы Томарлы ауылының тұрғындары болып шықты.

***

Полицияға Исатай ауданының 50 жастағы тұрғыны шағымданды: өткен жылдың қыркүйегінде 31 жастағы әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, одан 850 мың теңгесін алып, ғайып болған. Бұл әйелдің алаяқтық бойынша криминалдық полиция есебінде тұрғаны анықталды.

***

«Құқықтық тәртіп» операциясының аясында 11 сәуірде полицейлер Молдағалиев көшесінен пакет ұстаған 27 жастағы жас жігітті ұстады. Пакет ішінен тапаншаға ұқсайтын зат табылды. Сараптама тағайындалды. Сол күні Абай көшесінен өтіп бара жатқан күдікті адамды тексерген кезде оның пакетінен 12-ші калибрлі сыңар ауыз мылтық табылды. 

***

Полиция 11 сәуірге қараған түні Аманжолов көшесінің бойында тұрған «Нива» мен «Газель» көліктерінің есігін бұзды деген күдікпен 31 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Қаскөй жеңіл көліктен олжа таба алмаған, ал жүк көлігінен жүргізушіге тиесілі құжаттар мен 27 мың теңгесін қолды қылған. Тергеу жүргізілуде.

***

Өткен жылдың мамырында 26 жастағы ер адам танысына банкте кепілдікте тұрған көлікті алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, одан 254 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасады деген күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Сәуірдің 11-де таңертең ертемен «Бекіре» операциясының барысында Исатай ауданындағы теңіз жағасынан 45, 30 және 18 жастағы ұйықтап жатқан браконьерлер ұсталды. Олардан 5 кесек бекіре еті, 3 центнерден астам қара балық, «Гармин» спутниктік навигаторы, аулау құралдары салынған екі қапшық, аспалы моторлы «Ямаха» қайығы тәркіленді. Исатай АІІБ тергеу жүргізуде.

13 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.