Атырау, 29 наурыз 11:11
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Фармацевт қателессе, жауап береді

2 991 просмотра

Екі айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Дәрігер маған үш препарат тағайындап, рецепт жазып берді. Мен барған бірінші дәріхана маған бір дәріні сатты, рецептіде көрсетілген басқа екеуі оларда болмай шықты. Мен басқа дәріханаға бардым, ол жердегілер маған үш дәрі-дәрмек беріп, бірінші дәріханада маған рецептіде көрсетілмеген басқа дәріні бергенін түсіндірді. Тексеру үшін мен айналадағы бүкіл дәріхананы шарлап шықтым. Фармацевтердің барлығы бірінші дәріхананың маған басқа препаратты сатқанын растады. Алайда, рецептіні қате оқыған фармацевт дәрі-дәрмекті алмастыруға және қайтаруға болмайды деген негізбен ақшамды қайтарудан бас тартты. Мен келісер едім, бірақ, сөреден тауарды менің өзім алғаным жоқ қой. Маған дәрі-дәрмекті фармацевтің өзі берді және қателікті ол жіберді. Фармацевтің әрекетіне қатысты қайда шағымдануға болады?

Телефон арқылы

Сұраққа Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Атырау облыстық департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Үмітхан МҰСАБАЕВА жауап берді:

– Фармацевтер тарапынан өз әріптесін қателік жасады деп айыптау әдептілікке жатпайды. Түрлі жағдайлар болады, алдымен анықтап алу қажет. Айталық, дәрінің түпнұсқасы мен аналогтары болады. Ондағы әсер етуші зат бірдей және халықаралық атаулары да бір болады. Егер фармацевт аспириннің орнына Тромбо АСС сатқан болса, онда оны қателік жасады деп айыптауға болмайды. Екі дәрі де халықаралық «ацетилсалицил қышқылы» деген атауға ие. Ал егер, мәселен, супрастиннің орнына тавегилді сатқан болса, онда бұл дұрыс емес. Өйткені, дәрі-дәрмекте түрлі әсер ететін заттар бар.
Шағымға келер болсақ, оны бізге де жазуға болады. Біз жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қараймыз. Шағымға рецепті мен чекті қоса жалғау керек. Егер фармацевт шынымен де қателескен болса, онда оған қатысты жазалау шаралары алынатын болады.

Біздің департамент Байтұрсынов көшесі, 53 мекен-жайында орналасқан.


13 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.