Атырау, 20 сәуір 21:40
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Сириядағы содырлардың басшысы болған 19 жастағы қазақстандық кім?", "Шекарада тоналған жесір ананың ақшасы қайтқан жоқ", "Путин АҚШ-тың Сирия әуе базасына шабуылын «арандату» деп біледі"

3 094 просмотра

EGEMEN.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" - Бүгін Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты жаңа мақаласын жариялады. Онда негізінен ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған.

"Математикалық сауатсыздыққа апармай ма?" - Мектептегі барлық пәндерді оқыту кезінде логикаға үйрету жүзеге асырылып жатады. Дегенмен, математика курсын оқыту үдерісінде логикалық білім беру біршама жүйелі жүргізіледі. Мәселен, математикалық білімді игеру мен есеп шығару кезінде ойлау амалдары, ойлау формалары (ұғым, пайым, ой қорыту), ойлау заңдары (тепе-теңдік, кайшылық, жеткілікті негіздеу) басшылыққа алынады. Сондай-ақ, логикалық байланыстар мен кванторларды дұрыс және орынды қолданудың үлкен маңызы бар.

AZATTYQ.ORG. "Путин АҚШ-тың Сирия әуе базасына шабуылын «арандату» деп біледі" - Батыс елдері Сирия үкіметін «халыққа химиялық шабуыл жасады» деп айыптап отыр. Өткен апта АҚШ президенті Трамп «ондай жантүршігерлік қылмысқа төзбейтінін» білдіріп, Сирия президенті Башар Асадты жазалау шарасы ретінде осы елдегі Шайрат әуе базасын зымырандармен атқылатқан. Оқиғадан кейін Путин сәуірдің 11-і тұңғыш рет мәлімдеме жасады. Ол «Мәскеудің ресми түрде халықаралық тергеуді талап ететінін» айтты.

"Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің үміті мен күдігі" - Қазақстандағы жыныстық азшылық өкілдеріне арналған сайт әкімшілігі заңдар мен нормативтік актілердің «кемсітушілік» сипаттағы баптарын өзгертуді сұрап, бас прокурорға үндеу жариялады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай өзгерістер енгізу мүмкіндігі бар, бірақ көп емес.

ZHASALASH.KZ. "«Әділетсіз сот өтті»" - Нұрбек Құшақбаев екі жарым жылға сотталды. Оны Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Айжан Күлбаева Қылмыстық кодекстің 402-бабының 2-бөлігі – «заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға арандату» бойынша айыпты деп таныған. Бұған қоса, Нұрбек Құшақбаев сот шешімімен жәбірленуші тарап – Techno Trading компаниясы талап еткен 25 миллион 199 мың 717 теңге материалдық шығынды және 755 мың 991 теңге мемлекеттік баж салығын 15 тәулік ішінде тауып беруі керек.

"Тұрғындар үрейлі, әкім асығыс, ресми дерек қанттай" - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нүркен ауылының тұрғындары Қопа өзеніне құлап кетіп, қаза тапқан екі азаматты ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмдарға топырақ салуға, туыстарына көңіл айтуға алыс-жақыннан келген қалың жамағат қар суынан ауылға кіре алмай, көліктерін жарты жолға тастауға мәжбүр болды. Оларды төтенше жағдайлар басқармасының ауыр жүк көліктері ауыл шетін басып қалған қызыл судан ары-бері өткізіп тасып жүрді.

"«Мамайфестке» жүз мыңдаған адам қатысты" - Сәуірдің 8-і күні Facebook әлеуметтік желісінде «Трибуна» газеті мен журналист Жанболат Мамайды қорғау комитеті ұйымдастырған «Мамайфест» акциясы өтті. Осы шараны белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева өз парақшасында былай деп қорытындылады.

ABAI.KZ. "Сириядағы содырлардың басшысы болған 19 жастағы қазақстандық кім?" - «ZONA.kz» сайты 2014 жылы сириялық әскерилердің арнайы операциясы барысында, «Хорасан» содырларының басшысы болған, бұрынғы қазақстандық – Абдел Рахман Исламның өлтірілгендігі туралы ақпаратты хабарлады. Ол өз айналасындағыларға әйгілі «Абу Хурайра аль-Казахстани» есімімен танымал болған. Тек оның өзі ғана емес, қол астындағы бағынышты болған адамдардың да соғыс кезінде қаза тапқандығы жайлы ақпараттар БАҚ-та жарияланды. Атап айтсақ, оның жақтастарының бірі шешен ұлтынан Абу Масламның да қаза болғандығы хабарланған еді.

"Шекарада тоналған жесір ананың ақшасы қайтқан жоқ" - Әлеуметтік желідегі жұрт пен қазақтілді сайттардағы әріптестеріміз желпініп, «Шекарада тоналған жесір ананың ақшасы қайтарылатын болды» деп жатыр. Әсілінде олай емес. Біз Мәуітхан Гүлжанның ұлы Әділбекпен хабарласып, істің мән-жайын сұрап білдік.

365INFO.KZ.Нұртас Адамбайлар озды. Біздер далада қалдық» – Исраил Сапарбай" - Ақиық ақын Исраил Сапарбай ой бөлісті. Қазақ қыздары неге қытайға күйеуге тиіп, кетіп жатыр? Сахнамызды кімдер билеп кетті, жастар неге кітап оқымайды?

QAMSHY.KZ. "Сағыз сатқаны үшін түрмеге отыру. Әлемдегі ең қисынсыз заңдар" - Заңға барлық адам мойынсұнуы керек. «Қамшы» ақпараттық агенттігі АиФ.ru-ға сілтеме жасап түрлі елдердің 10 қисынсыз заңдарын ұсынады.

AIKYN.KZ. "Башар Асад: Сирия мен Солтүстік Корея алып державаларға қарсы тұра алады" - Сирия президенті Башар Асад Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынды атасы Ким Ир Сеннің 105 жасқа толуына байланысты құттықтады.


12 сәуір 2017, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.