Атырау, 25 сәуір 13:39
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жаңа Қаратондағы сиырлар аусыл емес, пастереллезбен ауырған

5 884 просмотра

Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында ірі қара малдың арасында наурыздың аяғында байқалған белгісіз дерт пастереллез болып шықты.

Бұл облыстық ветеринариялық зертханада өлген және ауырған малдардан алынған сынаманы зерттеуден кейін анықталып отыр. Бұған дейін 14 бұзау өлсе, 57 сиыр ауырған (кейбір мал иелері аусыл ауруымен ауырды деген болатын).

- Қазір мал арасында аурудың таралуы тоқтады, - дейді Жылыой ауданы ветеринариялық бөлімінің басшысы Данияр АЙПЕНБЕТ. - Округ әкімдігі ауылға ірі қараны кіргізбеу және іштегіні сыртқа шығармау үшін шектеу жариялады. Енді сауықтыру шаралары қолға алынып, ветеринариялық бақылау орнатылды. Бүгінде ауылдағы 654 бас ірі қараға вакцина егу жүріп жатыр. Ал эпизоотряд қызметкерлері аула, қораларды дезифенкциялау жұмысын  жүргізуде. Соңғы 17 жылда ауданда пастереллез тіркелмеген.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 сәуір 2017, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.