Атырау, 19 сәуір 21:27
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сәтпаев бойында артпен жүргені үшін айыппұл арқалады

Бейнежазба
2 492 просмотра


Полиция 9 сәуірде түнгі сағат бірде Сәтпаев даңғылының бойында артқы жүріспен қозғалып бара жатқан ақ «Приораның» жүргізушісі бейнеленген бейнежазбаны зерттеп, заң бұзушыға айыппұл салды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 24 жастағы Атырау тұрғынының басқа көлікте қосулы тұрған бейнекамераға қарап, Сәтпаев даңғылы, №32 үйден бағдаршамға дейін артқы жүріспен қозғалғанын анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабы («Маневр жасау қағидаларын бұзу») және 612-бабы («Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы») бойынша хаттама ресімделіп, көлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

Полиция жол жүру ережесі бұзылған жағдайда куәгерлерден бейнежазбаны Фейсбуктегі Атырау облыстық ІІД парақшасына жолдауды өтінеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 сәуір 2017, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.