Атырау, 20 сәуір 07:08
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қала шетінде ұрлықты кәсіп еткен

2 959 просмотра

ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдың наурызынан бастап жеке үйлерді тонаумен айналысқан 22-24 жастағы үш Атырау тұрғынын ұстады.

Қылмыскерлер қожайындар жоқ кезде пластик терезе арқылы үйге кірген. Орталықтан шалғайдағы Самал, Жерұйық, Балауса, Жұлдыз, Нұрсая, Лесхоз, Сарықамыс ықшамаудандарында тонаумен айналысқан.

Топты ұстау кезінде заттай айғақтар – фотоаппарат пен ноутбук алынды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ұрланған зергерлік бұйымдарды ұрылар ломбардқа тапсырып, қолма-қол ақшаларды жұмсап жіберген.

ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталушылардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 сәуір 2017, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.