Атырау, 28 наурыз 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Швеция билігі: Шабуылға күдікті ИМ-ді қолдаған

1 892 просмотра


Швеция билігінің мәлімдеуінше, Стокгольмдегі терактіге күдікті экстремистік ұйымға, оның ішінде "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымын қолдаған. Өзбекстанда туған, 39 жастағы азамат 7 сәуір күні Стокгольмнің орталығында жүк көлігімен көшедегі жұртты таптап өткен деген күдікке ілінген. Шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, 15 адам жараланған.

Полицияның мәліметінше, күдіктіге Швецияда тұруға рұқсат берілмегенін және билік оны депортациялау үшін іздеу жариялаған. Швециялық БАҚ күдіктінің аты-жөнін атағанымен, полиция оны растаудан бас тартып отыр. Сонымен қатар шабуылға қатысты тағы бір адамның ұсталғаны туралы да ақпарат тарады. Reuters-тің хабарлауынша, ұсталған екінші адамның шабуылға қатысы бар деген күдік анық емес.

9 сәуірде Стокгольмнің орталығына мыңдаған адам теракт құрбандарымен қоштасуға жиналды. Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Дереккөз: Азаттық

10 сәуір 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.