Атырау, 25 сәуір 18:15
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Спорт алаңдарына бақылаушылар қойылады

3 044 просмотра

7 сәуірде қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

Алдымен депутаттар №2, 6 және 8 округтерде босаған депутаттардың орнына сайланған жаңа әріптестерін құттықтады. Ғабиден ҚАНАТОВРинат ҒИЛАЖЕВ және Нұрбол ҚҰРМАН депутаттық төсбелгі мен мандатқа ие болды. Үшеуі де бірден комиссия құрамына енгізілді: Қанатов пен Құрман экономика және бюджет мәселелері бойынша, Ғилажев – жастар, гендерлік саясат және депутаттық этика бойынша.

Талқылау барысында амбулаторлық ем алып жүрген туберкулезге шалдыққан науқастарға, табысына қарамастан, айына 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 22 690 теңге мөлшерінде материалдық көмек төлеу туралы қалалық әкімдіктің шешімі мақұлданды.

Қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ бүгінде жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер алу кезегінде 81 адамның тұрғанын хабарлады. Қалалық әкімдіктің жер қатынастары бөлімі 1999-2003 жылдары арыз берген азаматтар үшін жер телімін бөлуді жалғастыруда. Биылғы жылдың 17 сәуірінен бастап 2004 жылдан бастап кезекте тұрғандарға жер бөлу басталады. Бұл жолы 2 517 телімді бөлу жоспарланып отыр. Оның 2 092-сі жолдан басқа бүкіл коммуникациямен жабдықталған.

Қалада 163 балалардың ойын алаңы бар. Биыл тағы 40 алаң салынатын болады, олар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзір тұр.

– Егер кәсіпкерлер, меценаттар өз ақшаларына ойын немесе спорт алаңдарын салғылары келсе, біз жер бөлуге әзірміз. Егер қаладағы жер жетпесе, мектеп аумағынан салуға болады. Меніңше, тек оқушылар ғана емес, ықшамаудандардың тұрғындары да ойнай алу үшін мектеп жеріне спорттық және әлеуметтік нысандар салуға болады, - деп мәлімдеді Қалауи. Содан соң:

– Алаңдарды саламыз, бірақ әрі қарай оларға ешкім бақылау жасамайды. Облыс әкімінің өкімімен біз «Мұнайшы» спорт кешенінің штатына спорт инспекторларының 15 лауазымын енгіздік. Қазір жұмысқа қабылдау жүріп жатыр. Жастар, жігерлі жандар Атыраудың 15 ықшамауданына бөлініп, спорт нысандарының тұтастығына және спорттық-көпшілік шаралар өткізуге жауапты болады, - деп қосып қойды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

8 сәуір 2017, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.