Атырау, 19 сәуір 23:10
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Жасыл Ел» бюджеті күрт көбейді

2 979 просмотра

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар еңбек бригадаларының жұмысына қатысқысы келетін студенттерге қызықты каникул ұйымдастыруға уәде береді.

Кеңес дәуірінің тәжірибесін үлгі еткен басқарма студенттерге каникулда табыс тауып қана қоймай, олардың бос уақытын да ұйымдастыруды ұйғарды. Жастар бригадасына қатысушылар үшін спорттық және интеллектуалдық ойындар, түрлі шығармашылық шаралар өткізу қарастырылған. Еңбек екпінділері үшін ерекше ынталандыру – ЭКСПО-2017 көрмесіне бару сапары.

Басқа да жаңалықтар бар: егер бұрын «Жасыл Ел» жазғы бағдарламасына 600-дей адам қатысса, енді биыл 2 мыңдай адамды тарту жоспарланып отыр. Әдеттегідей, «жасылелдіктер» қаланы көгалдандырумен, абаттандырумен және санитарлық тазартумен айналысады. Осы жазда жастарды құрылысқа да, ауыл шаруашылығына да жұмылдыру жоспарланып отыр. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ айтуынша, егер өткен жылы «Жасыл Ел» бағдарламасына 34 млн теңге (жергілікті бюджеттен 12 млн және облыстық бюджеттен 22 млн) бөлінген болса, биыл – 140 млн (республикалық бюджеттен 39 және жергілікті бюджеттен 101 млн) бөлініп отыр. Мұндай күрт арту қатысушылар санын көбейтіп қана қоймай, олардың табыстарын айына 47 мыңнан 60 мыңға дейін, ал құрылыс және ауыл шаруашылығында одан да көбірек көтеруге мүмкіндік береді.

Бізде бұған қоса ықтимал жұмыс берушілермен жастарға өз қаржыларынан үстеме ақы төлейтін болады деген келісіміміз бар. Әртүрлі, бірақ 25 мыңнан кем емес, – дейді Ж. Бисембиев.

Өткен жылдары бағдарламаға қатысушыларға берілетін жалақыны көп кешіктірді. Бұл жолы қалай болады?

– Республикалық бюджеттен түсетін ақшалар бөлігіне қатысты  кешіктірулер болды. Өңірлер орталыққа құжаттар мен еңбек табельдерін жіберді, ол жерде мұның бәрі қаралып, тексеріліп, содан кейін ғана ақша жіберілді. Биыл Астана бұл қаржыны бірыңғай трансфертпен облысқа жібереді, содан кейін олар қалалар мен аудандарға бөлінеді.

– Ауылшаруашылық бригадалары туралы жаңалық маған студенттерді аграрлық секторға тартуға бағытталған өткен жылғы сәтсіз «Жас агро» жобасын еске салды. Сонда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жазда жерде жұмыс жасауға шақырған үндеуіне оңтүстік облыстардан 15 студент үн қосты. Ал іс жүзінде жұмысқа 8 адам кірісті.

– «Жас агро» анағұрлым күрделі жоба болды. Жастарға бақша дақылдары мен тұқымдар өсіру үшін жер телімін бөлді. Олар бәрін өздері сеуіп, өсіріп, жинап, сатып, түскен қаржыдан өздеріне еңбекақы алуға тиіс болатын. Биыл оңай – балалар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жұмыс жасайтын болады және еңбекақы алуға кепілдік беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынды

8 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.