Атырау, 20 сәуір 00:40
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үстеме ақысыз балық: диалогқа шақырамыз

2 259 просмотра

Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жергілікті тұрғындар үшін бөлшек саттықтағы балықтың қолжетімділігіне талдау жүргізуді ұйғарды.

Қала тұрғындарын балық өнімдерімен жабдықтау мәселелері, қара балық тұқымдастардың бағасының қымбат болу себептері зерттеледі. Қажет болған жағдайда бұл жұмыстарға мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жоспарланып отыр.

Талдау нәтижелері бойынша тұрғындар үшін балық өнімдерінің анағұрлым қолжетімді болуына және сөрелерде «артық үстемелерсіз балықтардың» сатылуына септігін тигізетін шаралар алу туралы мәселе  шешіледі.

Прокуратура бұл жұмыстарды жұртшылықтың белсенді қатысуымен жүргізуді жоспарлап отыр. Мәселен, «Ақ Жайық» газетінің электронды форматында тұрғындар арасында тиісті сауалнама жүргізіледі.

Оның үстіне, егер сізде аталмыш тақырып бойынша нақты әрі тиімді ұсыныстар болса, оларды WhatsApp мессенджері бойынша  8 707 808 09 19 телефон нөміріне жолдауларыңызға болады.

Сіздің пікіріңіз біз үшін өте бағалы әрі қызықты.

                                                                  Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры В. Малахов

7 сәуір 2017, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған