Атырау, 19 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Билік енді қазақша сөйлей ме?", "Теңгенің болашағы бұлыңғыр ма?", "Сириялық жігіт Қазақстаннан пана тапқысы келеді", "Батысқа керегі Иран ба, әлде Түркия ма?", "Ит жоқта шошқа үреді"

2 614 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Билік енді қазақша сөйлей ме?" - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 82 пайызға жеткенін хабарлады. Ол анау-мынау тойда көтерген «тостында» емес, үкіметтің ресми жиынында осылай деді.

"Дүбірлеп басталып еді... күбірлеп айтатын жағдайға жетті" - Біздің жемқорлық жайлаған қоғамда тәп-тәуір істі дамудың жарқын көрінісі іспетті дабыралатып бастап, соңын қоңыраулатып дабыл көтеруге ұластыру үйреншікті әдетке айналып кеткен.

"Ит жоқта шошқа үреді" - Өзінің журналистік (не басқа бір ел қызығарлық әрі мойындарлық) талантынан гөрі «кремльдік пропагандист» ретіндегі біржақтылық, бұрмалаушылық, орынсыз табандылық қасиеттерімен дүйім жұртқа танылған ресейлік медиатұлға Владимир Соловьевтің Қазақстанға бір күнге келіп-кетуі қоғамдық резонанс жағынан Путиннің бізге жасап жүрген сапарларынан да асып түскен сияқты. «Той бітті, қу кетті», ал у-шу әлі де жалғасып жатыр.

AZATTYQ.ORG. "Сириялық жігіт Қазақстаннан пана тапқысы келеді" - Қазақстан визасымен Алматыға келген сириялық жігіт үш тәулік әуежайдың транзиттік аймағында отыруға мәжбүр болған. Құқық қорғаушылардың көмегімен Алматыдағы туысымен қауышқан ол Қазақстаннан босқын мәртебесін алуға өтініш берген.

"Өзбек имамы: «Акушерлік ердің ісі емес»" - Ташкенттегі белгілі имам ата-аналарды ұлдарын акушер-гинеколог мамандығына оқытпауға шақырды. Оның айтуынша, ерлердің бұл кәсіппен айналысуы – ұят нәрсе. Алайда, имам кейіннен «сөзімді бұрмалаған» деп, бұл пікірінен бас тартты.

INFORM.KZ. "Теңгенің болашағы бұлыңғыр ма?" - Девальвация. Доллар. Дағдарыс. Дабыраға ілесіп даурыққан жұрт. Дүдәмал болжамдар. Сұрақ көп. Жауап ше? Әрине, Ұлттық банк девальвацияның дүмпуін болдырмау шараларын іске қосып бақты. Долларды экономикадан ғана емес, азаматтардың санасынан да ысырып тастау тетіктері біртіндеп енгізілуде. Әйтсе де әлемдік саудамен сапырылысқан кез келген мемлекет үшін жаһандық валютаны «жеңе» салу оңай емес. Тіпті болмайтын дүние. Дегенмен теңгеге қатысты тоқтам мен түйін қайда?

365INFO.KZ. "«Ол суицид жасаған жоқ». Мұрат Насыровтың жақындары сенсациялық мәлімдеме жасады" - Әуезовтен бастап Шүкеновпен аяқтасақ, Мәскеуден қайтпаған дарабоздар қаншама. Неге? Неге солай? Мұның не сыры бар? Дәл қазір бұл басқа тақырыптың арқауы, бірақ. 

"«Криминал» жастар көбейіп барады – Дәурен Бабамұрат" - «Адал, түзу, жүйелі еңбек етсең, екі жылдан кейін пәтер аласың, бір балалы болғанда үйіңді кеңейтуге мүмкіндік аласың» демейді жастарға біздің мемлекет.

ABAI.KZ. "«Оралманға он пайыз жер...» Мұхтар Тайжанға аманат" - Былтырғы көктем мен жаздағы жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы 30 наурыз күні Парламентке түсті. Алдағы уақытта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын Мәжіліс талқылайтын болады. Жұмыс тобының құрамына азамттық белсенді Мұхтар Тайжанның кіргені бізді қуантып отыр.

"Ақаев: Жамбасымның туған жерге тигенін қалаймын" - Қырығыз елі тәуелсіздігін жариялап жатқан тұста мемлекеттегі нөмірі бірінші билікте болған Асқар Ақаев әйел-бала-шағасымен туған отанына қайтып оралуды ойлап, армандап жүрген көрінеді. Әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында Асқар байке:  "Менің жаным да, қаным да - қырғыз. Ата-анам мен ата-бабам қырғыз хандары болған. Не себепті менің туған жеріме қайтып оралуға қақым жоқ? Әрине, күндердің бір күні қайтып ораламын. Әзірге революциялық билік мені елге кіргізер емес. Мен мәңгілікке қайтып оралып, жамбасымның туған жерге тигенін, туған жерімде жерленгенімді қалаймын. Қанша дегенмен, қырғызбын ғой", - деп жазыпты.

HALYKNEWS.KZ. "«Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз" - Мен барда, сіз барда, тарихи Отаным – Қазақстаным барда, жақындарым барда, жалпы жүрегі қазақ деп соғатын Таулы Алтайды мекендеген Шүй қазағы тұрғанда Ана тілім, сен ешқашан өлмейсің», дейді Қосағаштан хабарласқан қандас бауырымыз, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі ақын-жазушы Арқалық СОЛТАНОВ.

AIKYN.KZ. "Батысқа керегі Иран ба, әлде Түркия ма?" - Сәуір  мен мамыр айларында Таяу  Шығыста  екі  ірі оқиға болмақ. Бірі  16  сәуір күні  Түркияда  конституцияға  байланысты  өтетін жалпыхалықтық  референдум, екіншісі  19  мамырда Иранда  болатын  президенттік  сайлау. Бұл екі  оқиғаның да  әлем саясатына һәм экономикасына өзіндік әсері  бар.

"«Мұз қырғыны» қайталана ма?" - Бүгінгі күні көмірсутегі  шикізатының азая бастауына байланысты, алып елдер  мәңгілік  мұз  тоңдар басып  жатқан Арктикаға  назар аударып, оны игеруді  қолға ала бастады.


7 сәуір 2017, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.