Атырау, 26 сәуір 01:40
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Газшілер» қарияларды зейнетақы туралы риясыз әңгімеден кейін тонаған

3 318 просмотра
Көрнекі сурет.

Атырау қаласының полициясы өздерін газ қызметінің қызметкерлеріміз деп таныстырған екі алаяққа қатысты тергеу ісін аяқтады.

Биылғы жылдың ақпанында Атыраудың жалғызбасты үш зейнеткері полицияға жалпы сомасы миллион теңгедей болатын өз жинақтарының жоғалып кеткені туралы шағым түсірді. Үш жағдайда да бірдей көрініс орын алған. Екі ер адам газ қызметінің қызметкерлері ретінде газ плитасын тексереміз деп, пәтерге кіреді. Іс барысында қариялармен емен-жарқын әңгіме айтып, сеніміне кірген олар зейнетақының аз екеніне қынжылыс білдіріп, содан соң қазір зейнетақыны көбінесе жалған купюралармен беріп жүргенін, ал олардың өздерімен бірге купюраның шынайылығын анықтайтын аппарат бар екенін тілге тиек етеді. Сеніп қалған зейнеткер «тексеру» үшін ақшаларын беріп, содан соң олардың шынайы екенін растаған соң, ақшаларын қайтадан тығып қояды. Әрі қарай қылмыскердің бірі қожайынды плитаны тексерумен алаңдатып, екіншісі ақшаны қолды қылып, «газшілер» жақсы тілектерін айтып, кетіп қалады. Есік жабылар-жабылмастан, олар табандарын жалтыратады.

- ҚІІБ-де криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен құралған тергеу-жедел тобы құрылды. Біздің қызметкерлер кәсіби тұрғыда жұмыс жасап, наурызда Оралдан екі күдіктіні ұстады. Олардың бірі – 36 жастағы жергілікті тұрғын, 2005 жылы Павлодар облысында осындай қылмыс жасағаны үшін (14 эпизод) қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Екіншісі – оның Алматы облысындағы 26 жастағы сыбайласы, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.Зейнеткерлерге ақшалары қайтарылды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің 190-бабы («алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қаралу үшін сотқа жолданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ  

6 сәуір 2017, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.