Атырау, 28 наурыз 16:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

4 153 просмотра

ДЗЮДО

№1 БЖСМ шәкірті Айдынбай Қайырберді немістің Бремен қаласында өткен халықаралық International Masters Bremen турнирінде табысқа жетті.

Ол 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, жартылай финалға дейін жетті. Нәтижесінде қола алқа алды. Спортшыны бапкерлер Қ.Досқалиев пен А.Хатип дайындады.

***

САМБО

Облыс құрамасы Орал қаласында 2001-02 жылғы жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирге қатысты. Турнир спорт шебері Тілекқабыл Қамзиевтің рухына арналды.

Жігіттер қоржындарын толтырып қайтты: «алтынды» – Қайырғали Қуандықов (50 келіге дейін) пен Ислам Асқаров (55 келіге дейін), «күмісті» – Мәдениет Құлманов (50 келіге дейін) пен Ақылбек Нышанбаев (72 келіге дейін), «қоланы» – Әлішер Аманқосов (46 келіге дейін), Райымбек Базарбаев (55 келіге дейін) пен Есет Сәуірбай (78 келіге дейін) алды. Спортшыларды бапкерлер Қ. Досқалиев, Б. Қошқаров, А. Табынбаев, Е. Төлеген және К. Табынбаев дайындады.

***

ТАЕКВОНДО

Челябинскіде таеквондо бойынша халықаралық «Олимпийские надежды» турнирі (WTF) өтті. Оған облыстан ерлер құрамасы қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша алтын алқаға – Сағдат Жолдасбаев (58 келіге дейін), қолаға – Алмас Меллатов (68 келіге дейін) және Үмбет Шакиев (80 келіге дейін) ие болды.

***

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

«Балықшы» ДСК-де үстел теннисі бойынша тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған мүгедек спортшылар арасында ҚР жастар чемпионаты өтті.

Сайысқа Астанадан, Алматыдан, Шымкенттен, Тараздан және Атыраудан 28 спортшы қатысты. Облыс құрамасында жүлделі орын алғандар: жеке разрядта - Ерлан Қазиев, Махамбет Насихан, Асылхан Саясатов пен Раушан Орынбаева («алтын»); Шынар Кенжебаева («күміс»); Дәулет Есқабыл, Шолпан Сисен («қола»); жұп разрядта – А.Саясатов – М.Насихан («алтын»); Ш. Кенжебаева – Р.Орынбаева мен Е. Қазиев – Райымбек Жақыпбек («күміс»). Облыс құрамасы жалпы командалық бірінші орынға ие болып, алынған алқалар саны бойынша Алматы мен Астананы артта қалдырды.

***

ТЕННИС

29 наурызда Қазыбаев атындағы мектеп-интернатта үстел теннисінен турнир өтті. Оған екі команда қатысты, олардың бірі жергілікті балалар және «Шаңырақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табыс етілді. Барлық қатысушылар ескерткіш сыйлықтарға ие болды. Турнир соңында  Атырау облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бөлім бастығы Сәуле Төлегенова қорытынды сөз сөйледі. Өйткені бұл жарысты аталмыш мекеме өзінің құрылғанына 20 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырған болатын.

***

ДОЙБЫ

Ақсай орта мектебінің 10 жасар оқушысы Бекарыс ЖҰМАЛИЕВ дойбыдан 4 дүркін ел чемпионы атанды.

ҚР-дағы жастар чемпионаты Қаскелеңде өтті. Бекарыс 9 турда бәселекестерінен басым түсіп, «классика» номинациясында сайыс жеңімпазы болды (әр ойыншыға партияға 45 минуттан беріледі). Ал Бекарыстың әпкесі Данагүл 4-орын алды. - Біз чемпионатқа үш ай дайындалдық. Шәкіртім үмітімізді ақтады, - дейді Бекарыстың бапкері Берік Молдаш. – Енді ол «классика» номинациясында 3 дүркін ел чемпионы және «рапид» номинациясы бойынша чемпион атанды (әр ойыншыға партияға 10 минуттан беріледі).



6 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.