Атырау, 25 сәуір 20:46
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қылмыстар хроникасы

3 418 просмотра


Тікұшақпен аралау барысында су полициясының қызметкерлері Индер ауданы Өрлік ауылының маңындағы Жайық жағасынан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жақын маңдағы бұталар арасынан «Газель» автокөлігі, ағаш қайық, сүйретпе ау және бір тоннадан астам қара балық табылған. Тергеу жүргізілуде.

***

 Авангард 3-ші ықшамаудандағы супермаркеттердің бірінен 6 дана балалар сабынын ұрламақ болған Атыраудың 44 жастағы тұрғынын полиция ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Сәуірдің 2-сіне қараған түні «Солтүстік Промзонада» белгісіз біреулер көлікжайды бұзып, жалпы сомасы 400 мың теңгеге дәнекерлеу аппаратын, болгарканы, сомын кілті мен басқа да құрал-саймандарды ұрлаған. Полиция 45 және 25 жастағы екі күдіктіні ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 42 жастағы ер адам шағымданды: 44 жастағы танысын үйіне «жұқалауға» шақырған, ал ол шкаф ішінде жатқан «Самсунг» телефонын қолды қылыпты. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға Аққыстау ауылының 40 жастағы тұрғыны шағымданды. Өткен жылдың қазанында таныс әйел коммуналдық пәтер алып беремін деп уәде беріп, одан жарты миллион теңге алып, ғайып болған. Тергеу жүргізілуде.

***

Атыраудың 43 жастағы тұрғыны полицияға 3 сәуірде тал түсте «Дина» базарында оны бейтаныс ер адамның ұрып-соққандығына шағымданды. Бұзақының жеке басы анықталды. Ол Мақат ауданының 31 жастағы тұрғыны екен. Тергеу жүргізілуде.

 ***

22 жастағы ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ол 21 наурызға қараған түні Атырау ықшамауданындағы үйден зергерлік бұйымдар ұрлады деп күдіктеліп отыр.

6 сәуір 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.