Атырау, 18 сәуір 05:18
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"Қаза тапқандар тасқынның құрбандары емес пе?", "«Тесік шелек». Досым Сәтпаев зейнетақы қорындағы былықтарды ашты", "«Метродағы жарылысты билік қысым күшейтуге пайдаланады»", "Сириядағы химиялық қаруды қолданған кім? Путин бе, Асад па?"

2 320 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Метродағы жарылысты билік қысым күшейтуге пайдаланады»" - Ресейде көп адам опат болған теракт оқиғасынан кейін әркез саяси өзгерістер болып, заңды қатайтады – қылмыстық кодекс қана өзгермейді. Ең белгілі жағдай – 2004 жылы Бесланда содырлар мектепті басып алған соң сайлау болмай қалған еді.

"Енді Орталық Азиядан барғандарға көзқарас өзгере ме?" - Санкт-Петербургте болған жарылысқа күдікті делінген адамдардың Орталық Азиядан (ОА) шыққаны хабарланып жатыр. Осы қалада тұратын Орталық Азия елдерінің азаматтары енді өздеріне деген көзқарас өзгере ме деп қауіптенеді.

ZHASALASH.KZ. "Халықаралық ұйым Назарбаевтан журналисті қудалауды тоқтатуға шақырды" - Ой-пікір еркіндігі құқығын қорғау ұйымдарының халықаралық желісі (IFEX) қазақстандық журналист Жанболат Мамайдың қамалып, қуғындалып жатқанына алаңдаушылық танытты. IFEX Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған үндеуінде Мамайдың Алматыдағы тергеу абақтысында қысым көргені туралы мәлімдемені тергеп, оны қудалауды тоқтатуға және оған қатысты сот процесін әділ өткізуге шақырды. IFEX сонымен қатар мәлімдемесінде Мамайдың жұбайына доқ көрсетілгенін тергеп, журналист пен оның отбасының болашақтағы қауіпсіздігіне кепілдік беруге шақырды.

"Қаза тапқандар тасқынның құрбандары емес пе?" - Қарағанды жұртына биылғы көктем тағы да оңай тимеуде. Соңғы үш-төрт күннің ішінде бір ғана Қарқаралы ауданында үш адам селден қаза тауып, ағайынды екеудің өлі-тірі екені белгісіз болып тұр. 3 сәуір күні арнайы баспасөз мәслихатын өткізген жергілікті билік өкілдері «қайғылы оқиғаға кім кінәлі?» деген сұраққа нақты жауап айта алмады. Бірақ «қаза тапқандарды тасқынның құрбандары деп айтуға болмайды» деп шықты. «Бұл өткелмен, оның үстіне қас қарайған сәтте жүрмеуі керек еді. Қауіпсіздікті сақтамаған. Жүргізуші көлігін жардың шетімен айдаған. Бұл жағдайды су тасқынымен байланыстыра алмаймыз. Болған оқиғаға өздері кінәлі», – деді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов.

"Биыл да қайыққа жармасып, қопарыла көшеміз бе?" - Солтүстіктегі өңірге жылда келетін үлкен бір нәубет – көктемгі су тасқыны. Ертіс пен Есіл, Нұра мен Сілетіні былай қойғанда, Жабай, Колутон, Қылшықты, Өлеңті секілді ұсақ өзеншелердің өздері тасып, айналаны айдын қылып жатады. Мұның аяғы адам өліміне де соқтырып жатқан жағдайлар бар. Мысалы, былтыр Атбасардың іргесімен өтетін Жабай өзенінің жағасында, тасқынға қарсы жұмыстар барысында қазылған шұңқырда қалған суға жаз айында екі сәби батып кетті. Артында зарлап ата-анасы қалды, ал сәбилердің өлімі үшін жауап берген адам жоқ.

365INFO.KZ. "«Тесік шелек». Досым Сәтпаев зейнетақы қорындағы былықтарды ашты" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаға түрлі мемлекеттік жобаларды қаржыландыруға мораторий енгізу керек. Оның орнына, қазір бұл қорға аудит жүргізіп, үкімет ұстаған ақшаның тиімділігін анықтайтын тескеру мен сараптамалар жасау керек, дейді белгілі саясаттанушы, БЖЗҚ жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы Досым Сәтпаев LSM басылымына берген сұқбатында.

ABAI.KZ. "Сириядағы химиялық қаруды қолданған кім? Путин бе, Асад па?" - Сирия елінде қайғылы жағдай орын алып, 58 адам көз жұмды. Қазір белгісіз әуе шабуылы барысында химиялық қару қолданылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Сарапшылардың бір тобы "бұл шабуылды Сирия үкіметі өздері ұйымдастырды" десе енді біреулері қанды қырғынға ресейлік ұшақтардың қатысы бар екенін мәлімдеуде.

"Бигелдінің өзі галлюцинацияға ұшыраған" - Аbai.kz ақпараттық порталының почтасына белгілі журналист Жұмаш Көкбөрінің Бигелді Ғабдуллин туралы жазған материалы келіп түсті. Редакция аталмыш мақаланы толық жариялай отырып, екінші тараптың да айтары болса, оларға да мінбер беретінімізді ескертеді.

ҚАЗТАГ. "Юрий Серебрянский: Бізге біздің дарындарымызды сырттан танығаны керек" - Өткен аптада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында сенаторлар Қазақстанда арнайы балаларға арналып шығарылатын өнім жоқтығына налынды. «Біз әлі күнге өз немерелерімізге қолтырауын Гена туралы кітап беріп отырмыз». Ал қазақстандық жазушы, «Русская премия» сыйлығының екі рет лауреаты атанған Юрий Серебрянскийдің жаңа кітабы шығып отыр. Балаларға арналған «Казахстанские сказки» («Қазақстандық ертектер») кітабының таныстырылымы 13 сәуірде «Меломанда» өтеді.

QAZAQUNI.KZ. "Әкімі шындықты жасырып отыр: Зайсандағы зілзаладан бүлінген үйлер бар" - Шығыс Қазақстанда орын алған қуатты жер сілкінісі біршама ауыл тұрғындарына шығын әкелген көрінеді. Мысалы, Зайсан ауданының Дайыр ауылы тұрғыны Айгүл Есергенова зілзаладан үйімнің сылақтары түсіп, қабырғасы жарылып қалды дейді.

DALANEWS.KZ. "“Атам ұрлыққа жол берген жоқ!”. Семейдегі “Ағаш мешітті” кім тонады?" - Семейден хат келді. Қаладағы «Ағаш мешітті» тонап кетіпті. Бір емес, үш рет. Иә, Алланың үйі. Бірақ қазіргі заманда мұндайға да таң қалмайсың. Бірақ бұл тонау тегін емес сияқты. Мәселенің мән-жайын хатты толық оқып барып түсіндік. Сонымен…


5 сәуір 2017, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.