Атырау, 19 сәуір 16:11
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Құрылыс алаңындағы екі өлім

3 594 просмотра


3 сәуірде тал түсте Атырауда өндірісте арасына бірнеше минут салып, екі адам көз жұмды.

АМӨЗ-де салынып жатқан айналма сумен қамту кешенінде «Казстройсервис» ҰМҚК филиалының 26 жастағы монтаждаушысы  жел екпінімен кран арқылы түсіріліп жатқан панельден соққы алған. Алынған зақым салдарынан ол есін жимастан, ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Екінші қайғылы оқиға Баймұханов көшесіндегі 9 қабатты үйдің құрылыс алаңында орын алды. Өзбекстанның 43 жастағы азаматы 6-қабатта қоқысты жинап, науаны толтырып, краншыға ишара береді. Сол кезде қоқыс науасынан шығып тұрған орама жібі аяғына ілініп қалып, ол 6-қабаттағы биіктіктен құлап, сол жерде көз жұмды. Тергеу жүргзілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 сәуір 2017, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.