Атырау, 25 сәуір 11:45
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Ескі фасадқа жағылған «тағы бір қабат бояу» сияқты реформа", "Ресей «көктемі»", "«Жығылғанға жұдырық қой». Танымал экономист медициналық сақтандыруды сынға алды", "ЕАЭО – өлі одақ", "Атаман Дутовтың көзін жойған кім?", "Атамбаев арандатушы ма?"

2 290 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ескі фасадқа жағылған «тағы бір қабат бояу» сияқты реформа" - Freedom House ұйымының жаңа есебінде «популизмнің күшеюі мен демократиялық құндылықтардың құлдырауы Еуропа мен Еуразиядағы тұрақтылыққа қатер төндіруі», ал Қазақстандағы билікке талас «болжанбайтын бағытта өрістеуі мүмкін» деп жазылған. Сарапшылар Астана бастаған «өкілеттіліктерді қайта бөлу» реформасын «қатып қалған автократтық режимнің» сыртындығы ескі демократиялық фасадқа жағылған «тағы бір қабат бояу» деп атайды.

"Еуропаға кіретін қақпа жабылды" - Венгрия үкіметі мемлекеттік облигациялар сатып алғаны үшін елде тұрақты тұруға рұқсат беретін ықтияр хат беру бағдарламасын сәуірден бастап жапты. Бағдарлама іске қосылғаннан бергі төрт жыл ішінде 16 мыңға жуық шетелдік (көбі - қытайлар мен ресейліктер) Еуропа Одағының осы еліне көшуге мүмкіндік алды, бұл үшін тіпті Венгрия территориясында болудың да қажеті болмаған.

"Терактілер Ресей саясатын қалай өзгертті?" - Ресей арнайы қызметтері 15 жылдан бері терроризммен күрес тәсілдерін жетілдіріп келеді. Осы уақыт ішінде ресейліктер тінтулерге, түрлі қысымдарға үйреніп қалды. 

ZHASALASH.KZ. "Митингтік мимикрия" - «Навальный – нағыз азамат! Оның шақыруы, ұйымдастыруымен халық Мәскеудің ортасын қақ жарып өтіп шықты!» деген сөздер қазір біздің елде де жиі айтылып жатыр. Мен де бұл мақтау-қолдауларға қосыламын. Қосылмай қайтейін, ол халық ішіндегі ең түйткіл боп тұрған тақырып – сыбайлас жемқорлықты ғана қозғап отырған жоқ. Ол нақты бір адам – Ресей премьері Медведевтің жеке байлығының қалай қалыптасып, құралғанын терең зерттеп, көрілу, қаралу жағынан Голливуд экшндерін шаң қаптырып кетіп, миллиондардың санасы мен жүрегіне тікелей жеткен, олардың көңілі мен ойын дөп басқан фильм жасады.

"Ресей «көктемі»" - Ресейге көктем шерулете жетті. 27 наурызда Ресейдің көптеген қалаларында мыңдаған адам қатысқан митингілер болды. Наразылық шерулерін коррупциямен күрес қорының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный ұйымдастырған. Мыңдаған адамның шеруге шығуына түрткі болған нәрсе – «Он вам не Димон» («Ол сендерге Димон емес») деп аталатын фильм. Фильм Ресей прьемер-министрі Дмитрий Медведевтің жемқорлығы жайлы. Оны Навальный негізін қалаған коррупциямен күрес қоры түсірген. Осылайша биліктің жоғарғы эшелонындағы жемқорлыққа қарсы шеру бүкіл Ресей аумағын қамтыды десе де болады. Милиция митингіге шыққандарды топырлатып күшпен тұтқындаумен айналысты. Бұған таңғалмаймыз. Өйткені түрлі қоғамдық-саяси мәселелерге наразылық танытқан халықты жаппай тұтқындау, іс қозғау, қудалау – көптеген постсоветтік елдердегі авторитарлық билік жүйесінің қоғаммен байланысының кең тараған түрі.

TENGRINEWS.KZ. "Өзенге түсіп кеткен УАЗ-дан қаза тапқандардың туыстары оқиғаның өз нұсқасын айтып берді" - Қарағанды облысында УАЗ өзенге түсіп кетіп, салдарынан бірнеше адам қаза тапқан болатын. Енді қаза тапқандардың отбасылары болған оқиғаның өз нұсқасын айтып бермекші. Олардың айтуынша, ұлы мен әкесі Әбилдиновтер көрші ауылға өз еркімен кеткен жоқ. Олар жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын орындауға барған.

365INFO.KZ. "«Жығылғанға жұдырық қой». Танымал экономист медициналық сақтандыруды сынға алды" - Экономика ғылымының докторы, профессор Тоқтар Есіркепов билік міндетті медициналық сақтандыруды енгізу арқылы асығыстық жасап жатыр деп санайды. Өйткені, оның пікірінше, бұл саладағы жалпы мәселені шешіп алмай, жалқыға көшу сауатсыздықтың белгісі.

ABAI.KZ. "ЕАЭО – өлі одақ" - Орыстың "Газета.ru" сайтында ресейлік саясаткер Збигнев Бжезинский эксклюзивті сұхбат беріпті. Збигнев Еуразиялық экономикалық одақтың келешегі мен Ресейдің сыртқы саясаты туралы кеңінен көсіле келіп, ЕАЭО-ті – өлі  одаққа теңейді. Обаманың билік құрған тұсында АҚШ Президенті әкімшілігінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Бзежинскийдің болжамын сараптап көрдік.

"Атаман Дутовтың көзін жойған кім?" - Шәкен Аймановтың 1970 жылы түсірілген «Атаманның ақыры» фильміне арқау болған атаман Александр Дутовтың өлімі туралы деректер әлі күнге талас тудырып, атаманды қазаға ұшыратқан «Сүйдін операциясының» жай-жапсары әртүрлі баяндалып жүр. Осы орайда жазушы Құрманбай Еспенбетовтың оқиғаға қатысы бар адамның айтқан әңгімесінің желісімен жазған материалы оқырман назарына ұсынылып отыр.

"Атамбаев арандатушы ма?" - Қырғызстанда Президент сайлауы болады. Бұл сайлауға қатыспайтынын айтқан қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаев сөзден сүрінді. Тағы да. Осы жолы қазақ пен қырғыздың экономикалық әлеуетін салыстырып, қазақ ауылдарынан гөрі қырғыз жұрты бақуатты тіршілік кешіп жатқанын айтты.

QAZAQUNI.KZ. "Медицина саласына түбегейлі өзгеріс қажет" - Медицина саласы ұлтымыздың болашағына тікелей жауапты. Мемлекетіміздің басты байлығы – адамдарымыздың денсаулығын сақтауға міндетті болғандықтан жылдар бойы жемқорлыққа салынған бұл саланың жұмысына түбегейлі өзгерістер енгізіп, тәртіп орнатар кез жетті. Адамдарымыздың денсаулығын сақтау үшін мемлекет тарапынан осы салаға бюджеттен ақша жеткілікті мөлшерде бөлінсе де қыруар қаржы өз мақсатында жұмсалмай, жемқорлардың жемсауында кетіп жатыр.

4 сәуір 2017, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.