Атырау, 29 наурыз 04:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Прокурорлық» іс: Бірбеткейдің жазасы

3 502 просмотра

Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла СМАДЬЯРОВАНЫ Алматы облысындағы әйелдер түзету колониясына этаппен жіберді. Адвокат Игорь Вранчевтің мәліметінше, ол Жауғашты поселкесіндегі ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтейді.

 ЖОҒАРҒЫ СОТТАН ҮМІТТІ

Естеріңізге салсақ, биылғы жылы 10 ақпанда ол пара алды деп танылып “Прокурор ісі”: мүлкін тәркілеумен қатар 3,5 жылға жаза кесті»), «кіші әділет кеңесшісі» деген сыныптық рангтен және өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымды қызмет атқару құқығынан айырумен және қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеумен қатар, жалпы режимдегі колонияда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Рақымшылық туралы заң қолданылып, жаза мерзімі екі есеге қысқартылды. Ақырғы үкім – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру. Кішкентай жастағы екі баласы (оның бірі омырауда) болғандықтан жаза мерзімін кейінге қалдыру туралы прокурордың ұсынысына да судьяның қатал жүрегі дір етпеді.

Әуел бастан Лейла айыптаумен келіспеді, соған байланысты тіпті биылғы жылдың қаңтарында өзін-өзі өртеуге әрекет етті. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы үкімге берілген апелляциялық шағымды қарап шығып, үкімнен бірінші эпизод бойынша қорқытып алу туралы тармақты алып тастап («“Прокурор» ісі: Апелляция қалай көмектесті және қандай істердің беті ашылды”»), үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды. Смадьярованың адвокаттары Жоғарғы сотқа кассациялық шағым әзірлеуде.  

КЕЛІСІМГЕ БАРМАДЫ

Қоғамда, алдымен күдікті, содан соң айыпталушы әрі сотталушы болған фигураның өзі үлкен резонанс тудырды – пікірлер бойынша Смадьярова өзінің прокурорлық ісінің үздік маманы, ол өзінің әріптестерінің бүкіл айыптауларын қабыл алмады. Нақты осы жағдайдағы көрнекі, наразы-жазалаушы құбылыс біздің газетімізді оған ерекше бақылау жасауға мәжбүр етті. Бүгінде сот тәжірибесі «аузы қан адамның» жүйемен «жағада» келісім жасауына: айыпты болып, іс жүргізу келісімін жасап, айыппұл төлеп, түрме ботқасының дәмін татпастан, судан таза шығуына мүмкіндік береді. Мұндай келісімдердің мысалы жетерлік. Атырауда кәнігі пара алушыларға қатысты да осындай жағдайлар орын алады. Саусақпен нұсқап көрсетпей-ақ қояйық, өткен және биылғы жылдардың газет тігіндісін парақтаса жетіп жатыр. Алайда Смадьярова неліктен екені белгісіз, мұндай сценарийден бас тартты, бұл белгілі бір ойларды тудырады. Біреулерге оны жолдан алып тастау өте қажет болып, бұған сылтау – оның жұмысының арқасында түрмедегі пайдалы орыннан айрылып қалғандар тарапынан құрғақ (өйткені сотта бірде-бір дәлел ұсынылмады) айыптаулар табылды. Немесе ол кінәсіз болып, мұны дәлелдеуді көздеген. Өйткені, іс жүргізу келісімін жасаудан бас тартты. Бұл келісім бойынша оған істі «пара алудан» «лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалануға» өзгерту ұсынылды. Мұнда айыппұл төлеп, жұмыстан кету жазасы қарастырылады.

Біз осындағы әйелдер «зонасында» апелляцияны күтіп отырған Смадьяроваға бірнеше сұрақтар қойғымыз келген (тағдырдың тәлкегі деген осы –  бұл мекеменің қызметкерлерін ол жақында ғана өзінің тексеру жұмыстарымен абыржытқан еді). Лейланың өзі де журналистермен кездескісі келді. Алайда мұндай кездесуді ұйымдастыруға билігі келетіндерге бұл идея ұнамады. Сондықтан этап бойынша жөнелткенше, онымен сөйлесу мүмкін болмады.

МӘСЕЛЕ ҚҰНЫ

Осы кішкентай әйел тигізген сыбайлас жемқорлық зиян сомасын есептеу әлі күнге дейін ешкімнің ойына келмеді. Естеріңізге салсам, апелляциялық алқа үкімнен бірінші эпизод бойынша қорқытып алу туралы тармақты алып тастады. Алайда бұл пара алу фактісінің өзін жоймады (яғни, қорқытып алмаған, өздері әкелген). Қалғаны: оған әкелінген-мыс 3,2 млн теңге мен 1 000 доллар. Яғни, мәселенің құны – 3,5 миллион теңге. Еске салсам, іс бойынша зардап шегушілер жоқ, зиянды қалпына келтіретін де ешкім жоқ. Бүгінде бұл соманың өзі кішкентай, қалай дегенмен де, сот Смадьяроваға оны қайтаруды міндеттемеді. Егер дер кезінде рақымшылық заңы қолданылмағанда, сот Смадьярованы 7 жыл абақты жазасына кескен болатын.

Қазақстанның сот жүйесі жекелеген фигуранттарға қатысты әділетсіз шешімдерді жиі шығарады. Әсіресе, бұл салыстыру кезінде байқалады. Мәселен, қашқын Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар МЕШІМБАЕВА да 7 жылға сотталды. Алайда, ол 700 миллионнан астам теңгені жымқырды.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Мұрат ОСПАНОВ жалпы сомасы 300 мың доллар пара алды деп айыпталып, 1 миллиардтан астам теңге айыппұл жазасын алды. Төлеген соң, оны бірден босатып жіберді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 сәуір 2017, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.