Атырау, 24 сәуір 01:08
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Еуропалық математика қоғамы қазақстандықтың ең қиын есепті шешкенін жоққа шығарды

3 132 просмотра

Еуропалық математикалық қоғам президенті Павел Экснер қазақстандық Ақылбек Көпжасаров әлемдегі ең қиын есептің бірін шығарды деген ақпаратты жоққа шығарды. 

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА сауалына берген жауабында хабарлады. 

«Филдсов сыйлығы комитетінің атынан шығып тұрған жоқпын, бірақ кез келген жұмыс стандартты сараптамалық шолудан өтуі тиіс. Бұл адам өтірікші ме әлде әзілдеді ме, білмеймін. Егер кімде-кім нәтижені Еуропалық математикалық қоғам растады десе - бұл жалған», - деді Павел Экснер. 

Еске салсақ, қазақстандық БАҚ Атыраудан 20 жастағы Ақылбек Көпжасаров әлемнің ең күрделі есептерінің бірі - бұрыш үшсекциясы есебін шығарғаны туралы ақпарат жариялаған. Оны Филдсов сыйлығы комитеті мен Еуропалық математикалық қоғамы растады деген болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

4 сәуір 2017, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.