Атырау, 16 сәуір 17:42
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​ІІД Жанбайдағы жағдай туралы

4 572 просмотра

Бүгін, шамамен сағат 13-те рейдтік «Бекiре-2017» шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Исатай ауданы Жанбай ауылының маңында тексеру жүргізу үшін мемлекеттік нөмірі жоқ «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлігін тастап, бой тасалады.

Автокөлікті тексеру кезінде көп мөлшерде қара балық пен бекіре тұқымдастар табылды. Көлікті Аққыстау ауылындағы (аудан орталығы) аудандық ішкі істер бөліміне (АІІБ) жеткізбек болған кезде перде киген белгісіз адамдар тобы  пайда болып, полиция қызметкерлеріне кедергі жасай бастады.

Белгісіз машинаны ұстауға қатысқан учаскелік полиция инспекторы АІІБ-ден көмек сұрауға мәжбүр болды. Алайда, бұл уақытта белгісіз адамдардың саны бірнеше есеге көбейіп кеткен еді. Олардың саны бірнеше ондаған адам болатын. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына қарамастан, белгісіз адамдар көлікті алып, көзден таса болды.

ІІД басшылығы шұғыл арада оқиға орнына жетті. Қазіргі уақытта көлік жүргізушінің жеке басы анықталды. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін ұстау және жауапкершілікке тарту бойынша шұғыл іздестіру шаралары алынуда.

Атырау облыстық баспасөз қызметі

 

3 сәуір 2017, 21:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.