Атырау, 28 наурыз 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Заңсыз тасымалдаушылар азаймай отыр

3 852 просмотра

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қатысуымен Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы жол құрылысы мен қоғамдық көлік жұмысына арналды.

ОЛАРДЫҢ САНЫ АНАҒҰРЛЫМ КӨП

Кеңес төрағасы Мұрат ӨТЕШЕВТІҢ айтуынша, облыс жолдарының жартысына жуығын «техникалық қалыпты» деп есептеуге болады. Бағдаршамдардың көпшілігі өз ресурстарын сарқыды, жол белгілері мен таңбаларын орнату процесі автомобиль маршруттарының даму динамикасына үлгере алмауда. Жолдар көбейіп кеткен көліктер санын сыйғыза алар емес. Олар үш-төрт қатардан жүретін болған. Ойын-сауық орындары мен сауда орталықтарының қожайындары көлік қоятын орындар жасауға бас қатырмайды. Нәтижесінде демалыс және мереке күндері жол бойында басқа қозғалысқа қатысушылардың жүрісін қиындатып, көліктер тізбегі түзіледі.

Автомектептерде жүргізушілерді даярлау төмен деңгейде. Бүгінде  сабақтар өткізу үшін жағдай – автодромдар, оқу аппараттары және т.б. жоқ. Автомектеп түлектерінің жартысынан көбі бірден емтиханнан өтіп, куәлік ала алмайды. Қоғамдық көлік жұмысына үнемі шағымдар түседі: автобустар жетіспейді, жүргізушілер жол бойында қауіп төндіріп жарысады, кондукторлар мектеп оқушыларын мінгізбейді, қысқы уақытта маршруттар ерте тоқтап қалады.

Салық органдарында жеке тасымалмен айналысатын екі мыңдай адам тіркелген. Іс жүзінде үнемі немесе арасында тасымалдаумен айналысатын автокөлік иелерінің саны анағұрлым көп.

– Олар салықтар төлемейді, вокзал, базар, сауда үйлерінің жанында, кеш болса, мейрамханалар мен кафелердің жанында толып тұрады. Бұл апатты қауіпті жағдайға әкеледі. Олар тұрған жерлерге қараңыз – ол жер антисанитария. Жер беті түкірікке толған, шекілдеуік қабығынан көрінбейді. Олардың қызмет ету құнын ешкім реттемейді. Басқа қалаларда белгілі бір кесімді баға бар, мәселен, кез келген жерге 500 теңгеге апарады. Бізде жүру ақысы ауа райына, таксисттің көңіл-күйіне, клиент басқа жақтан ба, жергілікті ме, соған байланысты болады. Шетелдік азаматтарды, айталық, «Ренкоға» дейін жеткізу үшін олардан 30-дан 100 долларға дейін алады. Олардың жүргізуді қалай және қайдан үйренгенін ешкім де білмейді. Адам куәлік алып, сол күні көлікті несиеге алып, такси қызметіне шығады, - дейді Мұрат Өтешев.

Жүргізушілер техникалық және медициналық тексерулерден өтпей күніне бірнеше рет жолаушыларды аудандардан облыс орталығына дейін тасымалдап, алыс рейстерге шығып келеді. Бұл да зор қауіп төндіреді. Асығады, жол жүрісі ережелерін сақтамайды. Салық қызметкерлерінің айтуынша, кәсіпкерлік қызметтің бұл түрі хабарландыру сипатына ие: автомобильшілер салық қызметкерлеріне тасымалдау қызметін көрсете бастағандарын хабардар етеді. Олар техникалық, медициналық тексерулерден өте ме, қандай машиналармен жүреді – салық органдары мұндай мәселелермен айналыспайды.

«ТҰРАҚ КАРТАСЫ БАЯҒЫДА ӘЗІР!»

– Көбінесе қала тұрғындары жол бойында мектептерге, емханаларға, басқа әлеуметтік нысандарға апаратын жаяужолдардың жоқтығына шағымданады. Суағарлар әр жерде қарастырылмаған. Жолдардың табандары отырып кеткен. Кешікпей шұңқырларды жөндеу үшін мердігерлерді анықтайтын тендер өтуі тиіс. Қоғамдық көлікке келер болсақ, бізде бүгін 178 автобус жетіспейді. Тасымалдаумен айналысатын сегіз фирмалардың біреуінің меншігінде бірде-бір автобус жоқ, бәрі жалға алынған, - деп сөзін бастады Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВ.

– Мұрат Сақтайұлының баяндамасын қайталау қажет емес, проблемамен таныспыз, оларды шешу жолын естігіміз келген, - деп оны Н.Ноғаев тоқтатты.

Әрі қарай қалалық биліктің қоғамдық көлік жұмыстарын реттеу жұмыстарын жалғастыруға ниетті екені анықталды.

Маршруттық тұжырымды әзірлеуге қаржы бөлінуде. Өйткені, ұзын маршруттар болмауы тиіс, мәселен, Қара депо – Сарықамыс 19 км құрайды. С.Шапкеновтің пікірінше, адамдардан талап етіп қана қоймай, олар жұмыс жасау үшін жағдай жасау керек. Мәселен, қалааралық тасымалдаумен айналысатын фирмаларды субсидиялау қажет. Сол кезде заңсыз таксистердің саны азаяды. Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, такси тұрағына қатысты көпжылдық проблема шешуді талап етеді.

– Такси тұрағының картасы үш жыл бұрын жасалды, әуежай, вокзал, ірі сауда орталықтарының жанында 32 нүкте белгіленген. Кейін осы мәселе жөнінде бірнеше рет сұрағанымда, мемлекеттік акті әзірленіп жатыр деген жауап естідім, - деп атап өтті көлік бақылау инспекциясының басшысы Самат ҒИЛЫМОВ.

Облыс әкімі бұл ахуалды мемлекеттік органдардың келісімге келмегендігінің мысалы деп атады. Ол Атырау қаласының әкіміне, аудан әкімдеріне, жауапты ұйымдарға бүкіл айтылған ұсыныстарды назарға алып, оларды жүзеге асыру жұмыстарын бастауды тапсырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 сәуір 2017, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.