Атырау, 23 сәуір 11:49
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жастар театры жаңа актерларды іздейді

4 231 просмотра

Атырауда әуесқой жастар театры 4-маусымына кастинг жариялады.

- Біздің жастар театрына кәсіби актерлар емес, әуесқойлар қабылданады. Жастары 14-29 аралығындағы кез келген адам кастинге келіп, өз бағын сынай алады, - дейді жастар театрының жетекшісі Махамбет атындағы драма театрдың актрисасы Гүлнұр ҚАЙЫРЛИЕВА. - Олар өлең, монолог оқып, би билеп, өз қабілеттерін көрсете алады.  

Г.Қайырлиеваның айтуынша, театр бұған дейінгі 3 маусымда Е.Гришковецтің «Қар жамылған гүлдер», Мұқанғали Томановтың «Сыйланбаған сезім» спектакльдерін сахналаған. 2016 жылы Амангелді Иманов бастаған көтерілісінің 100 жылдығына орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Сардарбектің өлімі» спектаклі сахналанған болатын. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы қарсаңында Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайының сахнасында «Желтоқсанның бір күні» қойылымы ұсынылды.

Жастар театры Атырау қалалық әкімдігінің қолдауымен театр жыл сайын жаңа кастинг өткізіп отырады. Осылайша ұжым жаңа актерлармен толығып отырады.

- Біздің театрда жалақы төленбейді, себебі әуесқойлар театры. Энтузиаст жастардың өнерге деген сүйіспеншілігі басым. Облыстық драма театр директоры Берік ЖӘМЕНОВ жастардың жұмысына ризашылығын білдіріп, декорациямен, клстюмдермен, реквизиттермен барынша көмектесуге, қолдап жүруге уәде берді. Сонымен қатар, театр режиссері Жанат Телтаев та өз ұсынысын білдірді - театрда ашылған кіші залда эксперименталды спектакльдер қою, - дейді Г. Қайырлиева.

15 сәуірде Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай театр Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясын сахнаға шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар репертуарға жаңадан түрлі жанрдағы тағы бірнеше спектакль қосылмақ. Кейін қала маңындағы ауылдық округтерге шығу жоспарда бар.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 сәуір 2017, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.