Атырау, 25 сәуір 17:02
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Cоловьевті шақырғандар жауапқа тартылуы тиіс!", "Алыпсатарлық пен өндірістің қайсысымен айналысқан жөн?", "Ауыл жастары ауылдан, қала жастары Қазақстаннан қашуда. Неге солай?", "Елбасы Әзірбайжанға не үшін барды?"

2 213 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Бейбіт заманда «келіссөз жүргізетін мамандар» даярлау" - Наурыздың басында Қазақстан қорғаныс министрлігі Астанадағы әскери полиция мамандарын даярлау орталығында елдің қарулы күштері алғаш рет «келіссөз процесі мамандарын даярлайды» деп хабарлаған болатын. Азаттық Қазақстан армиясына келіссөз жүргізетін мамандар не үшін қажет екенін анықтауға тырысып көрді.

"Алыпсатарлық пен өндірістің қайсысымен айналысқан жөн?" - Ресми статистика деректеріне сәйкес, Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны 15 пайызға азайған. Елдегі шағын бизнес өкілдерінің көбі теңге бағамы құлдырауынан зиян шегіп отырған сауда саласында жұмыс істейді.

"Бельгияда Қазақстанға сатқан тікұшақтар жайлы тексеру қайта жаңғырды" - Батыс баспасөзі Қазақстанға француз тікұшақтарын сатуға қатысты даулы мәмілені тексеру, Ресей арнайы қызметінің тапсырысымен жасалған кибершабуылдарға Кәрім Баратовтың қатысын ата-анасы жоққа шығарғаны туралы жазған.

365INFO.KZ. "Ауыл жастары ауылдан, қала жастары Қазақстаннан қашуда. Неге солай?" - Қазіргі қазақ жастары арасында космополиттік көзқарас ұлғая түсуде және олардың  білім алшақтағы да бірден көзге түсетін болды.

"«Неге ренжимін?». Мұхамеджан Тазабеков өзін сынаған Әселхан Қалыбековаға жауап берді" - Бұдан бұрын айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков біраз ақынның обалына қалғаны жөнінде айтқан болатын. Мұхамеджан Тазабеков Әселханның осы сынына өзінің Фейсбук парақшасында жауап беріпті.

ABAI.KZ. "Cоловьевті шақырғандар жауапқа тартылуы тиіс!" - Соловьев кеп кетті. "Жесткие переговоры" дейтін тренинг өткізіп, оған қатысқандардың қалтасын қағып кетті.

"Елбасы Әзірбайжанға не үшін барды?" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжанға барды. Ақорда Твиттері таратқан ақпараттарға сүйенсек, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы ресми кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық және қауіпсіздік, экономика, транзит пен аймақтық саясат мәселелері қаралмақ көрінеді.

TURKYSTAN.KZ. "Банктің тәуекелі көп, түйткілі де…" - Отандық экономистер мен сарапшылардың банк секторы туралы пікірлеріне сүйенсек, банк секторының бүгінгі таңдағы экономикадағы рөлі мардымсыз. Несиелік мөлшерлеме жоғары, проблемалық несиесі көп, ұсақ коммерциялық банктер және заңды, жеке тұлғалар дилингалық операциялармен ғана айналысып, оларды тұрақты табыс көзіне айналдырып алған, валюталық бағамды жасанды түрде көтеріп отырған. Қазақстандық банк секторының шын мәніндегі түйткілдері қандай? Таяуда банк секторын сауықтыруға Президент қаулысымен тағы да 1 триллион 92 миллиард теңге бөлінді. Банк секторының ел экономикасындағы рөлі қандай еді, қандай болмақ? Осы сауалдарға жауап табу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің доценті, қаржыгер Ілияс Исаевпен сұхбаттасқан едік.

QAZAQUNI.KZ. "Астанаға Абай керек емес пе?!" - Осыдан алты жыл бұрын арқаның төсінде, бас қаламыз Астанада Абайтану орталығы ашылды деген сүйінші хабарды естіп, үлкен-кішіміз бар, бұл игі жаңалыққа шын жүректен қуанып едік. Алғашында Қазақстан-Ресей университетінің ішінен ірге қалаған орталықтың жұмысы жылдар өте тығырыққа тірелді.

EGEMEN.KZ. "Ұсталмайтын ұры, шарасыз шаруа" - 2016 жылы ақпанның 22-сінен 23-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Ата­мекен ауылының тұрғыны Жәнібек Әбілпейісовтің қора­сына белгісіз біреулер түсіп, желіндеп тұрған сиырын ұрлап кеткен. Ұрылар малды ауыл сыртындағы сайға апарып со­йып­ты.

QAMSHY.KZ. "Өз баласына «құл» болып жүрген әкенің әңгімесі" - Қазір көп әкелер әйеліне қолқанат, баласына «құл» болып жүр. Алты жасар балам «су ішем, мама, су ішем» деп еді, ана жақта бала емізіп отырған әйелім кітап оқып отырған маған: «анаған су құйып бере салшы!» деді. Мен осының алдында ғана осы «Намыс» сайтындағы «Әкенің беделі қалай өседі?» деген анау бір мақаланы оқымағанда баяғыша ұшып түрегелер ме едім, міз бақпадым. Естімеген кісідей есінеп-құсынап кітабымды оқи бердім. Бір кезде емшектегі баланы сілке тастап қатыным жұлқынсын.




3 сәуір 2017, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.