Атырау, 18 сәуір 23:04
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Минус біртіндеп азаюда

2 019 просмотра

1 сәуірде футбол бойынша ел чемпионатының 4-ші турында «Атырау» командасы көшпелі түрде «Ақжайық» командасымен (Орал) ойнады.

«Атырау» қазір бұрын командаға беймәлім күйге түсті: өз жерінде үш ұпай керек және көшпелі ойында тең түссе жаман болмас еді деген әдеттегі турнирлік стратегия желге ұшты: минустық ұпай теңгерімсіздігі біздің футболшыларымызды әр жерде үнемі жеңіспен ойнауға еріксіз мәжбүр етуде.

Міне, Оралда да олар қарқынмен ойнауға тырысты. Бірақ бірінші таймда бұл жақсы шыға қоймай, қожайындардың дегенімен өтті. Рас, олар да голсыз қалды.

Кездесудің екінші жартысында «Атырау» жақсы нәтижелер көрсете бастады. «Стандарт» көп көмектесті: 54-ші минутта Новица МАКСИМОВИЧ айыппұл добын әуелете соғып, Юре ОБШИВАЦ допты басымен қақпаға салды. Бірақ 10 минуттан кейін қожайындардың қорғаушысы Мейрам САПАНОВ бұрыштан доп соғып, есепті теңестірді. Ал 70-ші минутта Аренас ДЕЛЬГАДО «Ақжайықты» алға шығарды. Әрі қарай маған «Атыраудың» жігері жасымай, арасында шабуыл жасап, матч аяқталуға екі минут қалғанда пенальтиге қол жеткізіп, Максимовичтің гол салғаны ұнады. Есеп – 2:2. Ендеше, ұпай минус жетіге түсті.

Марат ТАКУЛИН

2 сәуір 2017, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.