Атырау, 25 сәуір 00:53
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын аяқтады

1 971 просмотра


Түркия Сирияның солтүстігіндегі "Евфрат қалқаны" деп аталатын әскери операциясын аяқтағанын хабарлады. Бірақ Анкара Сириядан әскерін шығару жоспары бар, я жоғын айтпады. Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым 29 наурызда операцияның "табысты аяқталғанын" мәлімдеді. Дегенмен ол жақын келешекте Сирияда жаңа операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Өткен жылы тамызда бастаған "Евфрат қалқаны" операциясында түрік жаяу әскері, танктері мен авиациясы Сирияның Түркиямен шекаралас аудандарында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларымен соғысып жатқан "Сирия ерікті армиясының" (FSA) көтерілісшілеріне қолдау көрсеткен. FSA күштері сонымен қатар Анкара "террорист" деп атайтын күрд көтерілісшілерімен де соғысып жатыр.

"Ендігіде, ИМ немесе басқа қандай да бір ұйымдардан қауіпсіздігімізге қатер төнген жағдайда жаңа әскери операция басталады" деді Йылдырым.

Түркия мен АҚШ Сирияда президент Башар Асад билігіне қарсы түрлі фракцияларды, ал Ресей мен Иран Асадты қолдайды. АҚШ-тың күрд жасақтарын, оның ішінде "Сирияның демократиялы күштерінің" (SDF) әскери қанаты - "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" (YPG) күштерін қолдауына байланысты Вашингтон мен Анкара арасында Асадқа қарсы тұру мәселесінде ортаұқ ұстаным жоқ.

Түркия билігі "Евфрат қалқаны" операциясына қанша әскері қатысқанын ешқашан жария етпеген. Түркия Сириямен шекаралас аудандарында әскерін әлі ұстап отыр.

Дереккөз: Азаттық

30 наурыз 2017, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.