Атырау, 19 наурыз 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Қылмыстар хроникасы

3 906 просмотра

Қызылқоға аудандық соты ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-тармағы («Бұзақылық») бойынша үкім шығарды. Биылғы жылдың ақпанында Сағыз ауылының тұрғыны мас күйде жанында өтіп бара жатқан әйелді итеріп жіберіп, құлатқан. Ол тағы бір кетіп бара жатқан әйелді ұрып, оған жеңіл дене жарақаттарын салған. Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындап, зардап шегушілермен татуласқандықтан істі медиациялық тәртіппен қысқартуды өтінді. Сот өндірістен істі қысқарту туралы шешім шығарды. 

***

Полицияға 28 жастағы Атырау тұрғыны шағымданды: 19 наурызда сағат 17-де Исатай мен Махамбет алаңында жас жігіттің мерекелік жақсы көңіл-күйін пайдаланған егде жастағы ер адам оның ұялы телефонын сұрап алып, көпшіліктің ортасында ғайып болған. Телефон құны 20 мың теңге.

***

Полицияға Авангардтан 76 жастағы зейнеткер хабарласты: 18 наурызда ер адам оның сеніміне кіріп алып, кір жуатын машинаны жөндеймін деп уәде берген. 20 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алып, «құрал-сайманын алып келуге кетіп», ғайып болған. 30 жастағы қала тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Полицияға 40 жастағы әйел хабарласты: Мирный поселкесіндегі жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан қол жуғыш пен бөлме есіктері ұрланған. Зиян мөлшері 102 мың теңгені құрайды. 29 жастағы атыраулыққа іздеу жарияланды. 
Полицияға 48 жастағы Атырау тұрғыны шағымданды: 2013 жылы мамырда 1985 жылғы ер адам оның сеніміне кіріп алып, «бірнеше жер телімдерін алып беруге көмектесемін» деп уәде беріп, 8 мың долларын алып, хабарсыз кеткен. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Құрманғазы АІІБ-не 45 жастағы Сүйіндік ауылының тұрғынынан шағым түсті: 13-20 наурыз аралығында белгісіз біреулер жайылымнан оның жеті сиырын ұрлап кеткен. Мал ұрлады деп күдіктелгендер анықталды. Олар 25 және 28 жастағы жергілікті тұрғындар екен. Сиырлар аман-сау табылып, қожайынына қайтарылды.

***
 
Қалалық криминалдық полиция Батыс Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 1 ақпанда өзін газ компаниясының қызметкерімін деп таныстырып, атыраулық зейнеткерді тонап кеткен. 18 мың теңге «газшінің» олжасына айналған.

***

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері 21 наурызға қараған түні Ганюшкин ауылында «Приора» көлігін тоқтатады. 34 жастағы жүргізуші, жергілікті тұрғын оларға жалған жүргізуші куәлігін көрсеткен. Ал 2015 жылдың мамырында ішімдік ішкен күйде көлік жүргізгені үшін сот оны 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырған.

***

Атыраудың 27 және 26 жастағы екі тұрғынын 23 наурызда Құлманов көшесінің бойындағы киім және аяқ киім дүкенінен үш жұп бәтіңке мен свитерлерді ұрлағаны үшін криминалдық полиция ұстады. Тергеу жүргізілуде.

30 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.