Атырау, 20 сәуір 03:31
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Күшті жел үйдің шатырын жұлып әкетті

Сурет
4 361 просмотра

Наурыздың 29-на қараған түні қатты соққан жел Индербор кентіндегі Тайсойған көшесі №9 үйдің шатырын жартылай жұлып кетті. Адамдар зардап шеккен жоқ.

- Сол күнгі оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/сек шамасы. Бұл ТЖ емес, сондықтан шатырды салған компания оны қалпына келтіруі тиіс, - дейді Индер ауданы ТЖ бөлімінің басшысы Ізбасар САҚЫПҚАЛИЕВ.  

 

Жалпы, осыдан алты жыл бұрын бұл үйдің шатырын жөндеуге қаржы бөлінген болатын, алайда, мердігер жұмысты дұрыс атқармаған болуы керек, жөндеуден соң желге шыдас бермей шатыр бірнеше рет ұшты! Соңғы рет өткен жылдың қазанында шатыр жұлынып кетті. Бұл кезде үй шатырын қалыпқа келтіру жұмысын мердігер «Гамма С» ЖШС атқарған болатын. Бірақ, жарты жыл өтпей жатып үйдің шатыры тағы да жұлынып кетті.

Индербор кенті әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ айтуынша, «Гамма С» ЖШС кепілдік мерзімі бітпеген, сол себепті үй шатырын қалыпқа келтіру ісін өз есебінен атқарады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 наурыз 2017, 19:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.