Атырау, 20 сәуір 11:50
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Екеуі аударылып, біреуі жүзіп шықты

2 476 просмотра

Атырауда биыл суға кету оқиғасы алғаш тіркеліп отыр.

Қайғылы жағдай 28 наурызда кешкісін Курилкин маңындағы Жайық өзенінде орын алған. Екі ер адам қолдан жасалған қайықпен балық аулауға шығып, қайық аударылып кеткен. Сөйтіп жағалауға тек біреуі ғана жүзіп шығады. Суға кеткен адам 34 жаста, ол Құрсай поселкесінің тұрғыны. Судан құтқару қызметіне дабыл жарты тәуліктен кейін түскен. Аман қалған жігіт денені қай жерден іздеу керектігін көрсетті. 29 наурызда тал түсте сүңгуірлер денені судан шығарып, туыстарына табыс етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 наурыз 2017, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.