Атырау, 19 сәуір 14:14
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Ерлан САҒАДИЕВ, білім және ғылым министрі: баланы дарынды-дарынсыз деп бөлуге болмайды", "Жекешелендіру-2: «Халық тағы да түксіз қалуы мүмкін» — Тоқтар Есіркепов", "ЕО интеграцияға бет бұрды ма әлде одан айныды ма?", "Даудың басы – президенттік сайлау​​"

2 142 просмотра

AZATTYQ.ORG. "ЕО интеграцияға бет бұрды ма әлде одан айныды ма?" - Еуропа Одағы (ЕО) басшылары кей саясаткерлер «қос жылдамдықты Еуропа» деп ат қойған жаңа идея ұсынды. Ол ұсыныс бойынша ЕО елдері дағдарыстан шығу үшін «қажет болған жағдайда әркелкі жылдамдықпен және түрлі қарқынмен, бірақ бірлесе әрекет етеді».

"Қытайлық қазақтың виза ұзарту сергелдеңі 6 айға созылды" - Атырау мұнай және газ университетінде оқитын қытайлық қазақ Шұғыла Бауыржан оқу визасын ұзартуға үлкен қиындықпен, қатты күйзеліспен қол жеткізді. Депортациялануға шақ қалған ол жоғары оқу орнындағы (ЖОО) виза мәселесіне жауапты тұлғалардың «елден кетуді ұсынғанын» айтады. Ал полиция «ЖОО оның студент екені жайлы хатты алдын ала тапсырғанда мұнша машақат тумайтын еді» дейді. ЖОО өкілдері комментарий бермеді.

ZHASALASH.KZ. "Ерлан САҒАДИЕВ, білім және ғылым министрі: баланы дарынды-дарынсыз деп бөлуге болмайды" - Біздің елде барлық жол мектепке апарады. Әйтеуір, осы бiр киелi шаңыраққа бас сұқпаған, бiлiм алмаған, қоңырауының сыңғырын естiмеген адам кемде-кем. Бәлкiм, жоқ та болар... Содан болар, қазір білім саласындағы реформаларға жұрттың бәрі алаңдаулы. Шынында, біз жас ұрпаққа дұрыс білім беріп жатырмыз ба? Қаптаған реформалардан қайыр бар ма? 

"«Қазақ хандығы» «Көшпенділерден» көш ілгері ме, әлде..." - Көктемнің шуақты шағы – Наурыз мерекесі күндері көпшілік «Қазақ хандығы» көпсериялы тарихи фильмін «31-арнадан» тамашалады. Телехикая басталысымен-ақ жұрт әлеуметтік желіде әр алуан пікір жазды. Бірте-бірте сын көбейді. Біреу біліп айтты, біреу білмей айтты. Енді біреу жұртқа қосылып әу деді. Әйтеуір, Қазақ хандығы туралы телехикаяны сөз қылмаған адам қалмады. Демек, жұрт асыға күткен тарихи фильмді көріп қана қоймай, әркім өзінше ой түйді деген сөз. Бұл тарихи фильмнің басты жетістігі болса керек.

"Трамп пен Атамбаевқа күлгенде..." - Соңғы бір-екі аптада қазақ шенділері түсініп болмайтын жаңалықтар көбейіп кетті. Депутат кезінде қыздарын көмекшілік қызметке алып, ел есебінен айлық төлеткені белгілі болғаны сол еді, Францияның ішкі істер министрі Бурно Ле Ру мырза өз еркімен отставкаға кетіп қалды. Бала-шағасынан бастап, немерелерін, жиендерін, құда-жекжаттарын мемлекеттік қызмет пен тендер бөліске қалдырмай сүйреп жүрген біздің министрлер әділдік, теңдік, бірлікті ұран еткен сонау Франциядағы Бурно Ле Ру мырзаға бейшара көргендей қарайтыны айтпаса да түсінікті ғой. Біздің шенділер үшін бейшара кейіпке түскен Францияның министрі ғана емес. 

365INFO.KZ. "Жекешелендіру-2: «Халық тағы да түксіз қалуы мүмкін» — Тоқтар Есіркепов" - Қазақстанда жекешелендіру процесінің екінші кезеңі жүріп жатыр. Аукционға 800-ден аса мемлекеттік кәсіпорын мен нысандар қойылды.

ABAI.KZ. "Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр" - Қытай мұнай компаниялары Қазақстанға осыдан 16 жыл бұрын кірген. Нақты айтқанда, 1997 жылы қыркүйек айында Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы - CNPC (China National Petroleum Corporation) «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 60% акциясын сатып алудан бастаған. Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының 100% каптиалы мемлекетке тиесілі екенін ескерсек, компания ҚХР-ның меншігі. Қазақстан мұнайын игеруді осылайша бастаған Қытай компаниялары өз позицияларын жыл өткен сайын күшейте түскен. Мәселен, CNPC 2001 жылы «Buzachi Operating Ltd» компаниясының 50% акциясын сатып алса,  2006 жылы «PetroKazakhstan» компаниясының да 50% акциясын алған. Сөйтіп, Ақтөбе облысында өндірілетін мұнайдың 97% Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясына қарасты компаниялардың үлесінде болып шыға келген. Бұл 9 жыл ішіндегі бір ғана облыстағы мұнай нарығындағы көрініс. Еліміздің басқа да мұнайлы облыстарында Қытай компаниялары жұмыс істейді.

"Чукчалар мен қазақтар ғана орысша сөйлегеніне мақтанады" - Христиандардың 31-ші желтоқсандағы жаңа жылын қазақтар үш айдай тойлайды ғой, қасиетті Наурызды қалай өткеріп жатыр екен деп 23 наурыз күні тысқа шықтым. Бұрын «Сарыарқа» деп аталатын қазір аты-жөні беймәлім базардан өтіп Абай мен Алтынсариннің қиылысына бет алдым. Не базарда, не бірде-бір көшеде «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Наурыз құтты болсын!» деген бір ауыз сөз жазылмаған.

EGEMEN.KZ. "Мемлекет спортты жаңаша қаржыландыратын болады" - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы спорт түрлерін қаржыландыру мақсатында әзірленді.

AIKYN.KZ. "Даудың басы – президенттік сайлау" - Беларусь пен Ресей осылай шерулетіп жатқанда, мұндай жайт Орта Азия республикаларының бірінде қайталанды. Нақтысы – Қырғызстанда. 

QAMSHY.KZ. "«Соқыр махаббат» фильмінен «біз қазақша кино алмаймыз» деп бас тартқан кинотеатрлар болған" - Ашық аспан астында өткен баспасөз конференциясына фильмді жасаушылар мен актерлер қатысып, фильм түсірілімі туралы таныстырды, өз кезегінде журналистер сұрағына жауап берді. Ашық алаңда өткен конференцияға мелодраманың бас продюсері әрі басты ролін сомдаған Сиви Махмуди мен Ренат Басит, сондай-ақ әкімшілік продюсер Айдар Баталов, актерлер Серікбол Сайлаубек, Жан Байжанбаев, Нұртас Айдарбеков пен оның жары продюсер Гүлзира Айдарбеков, актриса Марина Сүлейменовалар болды.



29 наурыз 2017, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.