Атырау, 25 сәуір 20:35
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Елімізге «Қазақстан халқы Ассамблеясы» керек пе?", "Одақтас елдердегі шерулерден соң «қысымның күшеюін» күту", "«Ресейдегі үлкен саяси дағдарыстың басы»", "Ресей ешқашан шын мәнісіндегі еуропалық өркениетке ілескен емес"

1 960 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Ресейдегі үлкен саяси дағдарыстың басы»" - Наурыздың 26-сы күні Ресей қалаларында ондаған мың адам наразылық шерулеріне шықты. Мәскеудің өзінде ғана мыңнан аса адамды полиция ұсталды. Осы қаланың Тверь аудандық соты Коррупциямен күрес қорының құрылтайшысы Алексей Навальныйды шеру ұйымдастырып, полицияға бағынбағаны үшін 15 тәулікке қамап, 20 мың рубль айып салды.

"Одақтас елдердегі шерулерден соң «қысымның күшеюін» күту" - Сарапшылар өткен демалыс күндері Ресей, Беларусь және Қырғызстанда өткен шерулер сияқты наразылық акциялары Қазақстанда жуық арада болмайды деп болжайды. Олар мұның бір себебін заңдарды күшейтумен байланыстырады.

365INFO.KZ. "Елімізге «Қазақстан халқы Ассамблеясы» керек пе?" - Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы 26 сәуір күні өтетін болды. Шыны керек, жұрт арасында Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты түрлі пікір айтылады.

"Өзбек енді өрлейді. Мирзиёев несімен мықты?" - Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевтың елімізге жасаған ресми сапары аясында 1 млрд доллардың келісімшарты жасалды. Бұл екі елдің тарихында бұрын-соңды болмаған экономикалық байланыс болып отыр.

ABAI.KZ. "Ресей ешқашан шын мәнісіндегі еуропалық өркениетке ілескен емес" - Биыл ХХ ғасыр басындағы үлкен саяси оқиғалар –  Ақпан және Қазан төңкерістеріне 100 жыл толады. 1917 жылғы  революциялар тек  Ресейде ғана емес, бүкіл дүние жүзі тарихына үлкен өзгеріс енгізген оқиғалар болды.  Әсіресе, қазақ халқы үшін бұл төңкерістің салдары аса ауыр болғаны мәлім. Бүгінгі күнгі ең өзекті проблемалардың түп-тамырын іздесек те сол кезеңге келіп тірелеміз. Осы орайда Қазан төңкерісі мен соның нәтижесінде құрылған Кеңес Одағының қазақ үшін пайдасы мен зияны қандай деген сауалдар төңірегінде белгілі саясаттанушы Расул Жұмалымен сұхбаттасқан едік.

"Қадыралина заңға бағынбай әлі қасарысып отыр" - 10 наурыз күні  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде  азаматтармен қабылдау өткізген кезде оралман ағайындар келіп, осы Жер мәселесіне байланысты өтініштерін айтты. Партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ж.Жүкенов те Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы түйінге назар аударуын өтінді. Бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов көмекшісі арқылы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевқа тапсырма беріп, қандастрымыздың Заң бойынша жер алу мәселесіндегі кедергіні шешуді бұйырған еді.

QAMSHY.KZ. "Тоқтар Серіковке алматылық қыздан хат: сіз мені әйелдікке алар ма едіңіз?" - Айдың ортасында «Қамшы» порталы Тоқтар Серіковтың «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында қытайға шыққан қазақ қыздарын «жезөкше» деп атағаны жайында жариялаған болатын. Оның пікірін қазақ жігіттері түгелдей қолдап, дұрыс айтқан десіп жатса, кей қыздардың намысына тиіп кеткен көрінеді. Порталымызға 35 жастағы Айсұлу Беркінбай атты алматылық арудан әншінің айтқандарына ренішін білдіріп, жауап жазған хат келді. Бұл хатқа Тоқтар Серіковтың өзі жауап бере ме екен?

QAZAQUNI.KZ. "Шенеуніктер кәсіпкерлер түрлі тексерістерді өздері тілеп алды деп есептейді" - Шенеуніктер кәсіпкерлерді орыс жазушысы Гогольдың «Ревизор» пьесасындағы «өзін-өзі сабаған» унтер-офицердің жесіріне ұқсатады деді халық қалаулысы Меруерт Қазбекова Үкіметке жолдаған «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттық сауалында. Бұлай деуге алдында кәсіпкерлерден уақыты өткен салықты талап ету мерзімін 5 жылдан 3 жылға қысқарту туралы жолданған сауалға Үкіметтен келген санаға сиымсыз жауап негіз болды. Ақжолдық депутаттардың осы сауалының мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

DALANEWS.KZ. "Қазақ телеарналары – журналистер жалтаңдап, әншілер талтаңдап жүр" - «Ақпарат және коммуникация» министрлігі 2017 жылдың 9-ақпанда өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде «Ақпарат және коммуникация» министрі Дәурен Абаев мырза: «Тележурналистер деңгейінің төмендігі халықтың наразылығын туғызады», – деп мәлімдеді. Көрермен көңілінен шығып, тележурналистердің шеберлігін арттыру үшін министр KPI жүйесін де ұсынды… Олар тележурналистер ме, әншілер ме?

28 наурыз 2017, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.